Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылы, бірақ кей жерлерде қар жауады: Қазақстандағы қазан айына арналған болжам

Жылы, бірақ кей жерлерде қар жауады: Қазақстандағы қазан айына арналған болжам

Фото:depositphotos.com
"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылдың қазан айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Жалпы алғанда, ай бойы Қазақстанның басым бөлігінде климаттық нормадан жылы болады деп күтіледі, алайда солтүстік және орталық өңірлердің тұрғындарын үсік пен айтарлықтай температура ауытқулары күтіп тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанда қазан айы қандай болады?
Метеорологтардың мәліметінше, қазан айындағы орташа айлық ауа температурасы еліміздің басым бөлігінде нормадан 1–2 градусқа жоғары болады деп болжанады.
Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысында және Абай облысында температура климаттық норма шамасында болады деп күтіледі.
2026 жылғы қазан айындағы орташа айлық ауа температурасының нормадан күтілетін ауытқулары
Қазақстанның басым бөлігінде айлық орташа температура +3...+10 градусты, ал елдің оңтүстік жартысында +11...+16 градусты құрайды.
2026 жылғы қазан айындағы күтілетін орташа айлық ауа температурасы
Қай жерде жауын-шашын көп болады?
Қазан айында жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының басым бөлігінде норма шамасында болады деп күтіледі. Сонымен қатар, жауын-шашын келесі өңірлерде климаттық нормадан көп болады деп болжанады:
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде;
Атырау облысының батысында;
Маңғыстау облысының батысында;
Ақтөбе облысының солтүстігінде;
Қостанай облысының солтүстік-батысында.
Жамбыл облысы мен Жетісу облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Ұлытау облысында, Қарағанды облысының оңтүстік жартысында, Абай облысында, сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстарының солтүстік жартысында жауын-шашын нормадан аз болады деп күтіледі.
2026 жылғы қазан айындағы жауын-шашынның орташа айлық мөлшерінің нормадан күтілетін ауытқулары
Астанада үсік пен қатты жел күтіледі
Астанада қазан айының орташа температурасы +6 градус деңгейінде болжанады, бұл нормадан (+5 градус) бір градусқа жоғары.
Бұл ретте жылы ауа райы температураның күрт ауытқуларын жоққа шығармайды. Бірінші онкүндіктің басында түнде үсік жүреді деп күтіледі, содан кейін температура 0...+5 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз ауа алдымен +10...+15, кейін +15...+20 градусқа дейін жылынады.
Бұдан кейін күн суытады: түнде -1...-6 градусқа дейін, күндіз +6...+11 градусқа дейін төмендейді.
Екінші онкүндікте температура құбылмалы болады. Түнде 0...+5-тен -2...-7 градусқа дейін, күндіз +12...+17-ден +6...+11 градусқа дейін болады деп болжанады.
Үшінші онкүндікте кезекті жылыну болуы мүмкін: күндіз температура +5...+10-нан +11...+16 градусқа дейін көтеріледі. Айдың соңында қайтадан күн суытып, түнде -3...-8, күндіз +2...+7 градус болады деп күтіледі.
Елордада жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады. Қазанның үшінші онкүндігінде жаңбыр мен жылбысқы қар жауады деп болжанады. Сонымен қатар, айдың екінші жартысында желдің жылдамдығы жиі секундсына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Үшінші онкүндіктің басында және соңында тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.
Алматыда +30 градусқа дейін аптап болады
Алматыда бір айдағы орташа температура +11,6 градус деңгейінде күтіледі, бұл нормадан (+10,6 градус) шамамен бір градусқа жоғары.
Айдың басы құбылмалы болады. Бірінші онкүндікте түнде температура алдымен 0...+5-тен +7...+12 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, бұл ретте айдың басында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Күндіз ауа +11...+16-дан +18...+23 градусқа дейін жылынады.
Содан кейін күн суытады: бірінші онкүндіктің соңында түнде температура 0...+5 градусқа дейін, ал күндіз +10...+15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Болжамға сәйкес, екінші онкүндікте температура қайтадан көтеріле бастайды және күндіз +21...+26 градусқа жетуі мүмкін.
Ең жылы ауа райы үшінші онкүндіктің басында күтіледі - күндіз температура +25...+30 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Содан кейін +18...+23 градусқа дейін кезекті төмендеу болады деп болжанады.
Алматыда жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады. Бірінші, екінші онкүндіктің ортасында, сондай-ақ үшінші онкүндіктің басында және соңында жаңбыр жаууы мүмкін.
Синоптиктер бір айға арналған болжам консультативтік сипатта екенін және жаңа деректердің түсуіне қарай түзетілуі мүмкін екенін ескертеді.
18 қыркүйек 2026 ж. 25 0

Тұтынушының құқықтары

17 қыркүйек 2026 ж. 91

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930