Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер көктем мен жазда ауа-райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер көктем мен жазда ауа-райы қандай болатынын айтты

Сәуір айында республикамыздың барлық аумағында ауаның орташа температурасы нормаға жуық болады деп күтіледі. Қазгидромет сәуірден бастап қазан айына дейінгі ұзақмерзімді ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды sn.kz.
Сәуір айында республикамыздың барлық аумағында ауаның орташа температурасы нормаға жуық болады деп күтіледі.
Қазгидромет мәліметінше, сәуірде республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп болжанады. Атап айтиқанда, Алматы, Ақмола, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында нормаға жуық, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс жартысында, Алматы облысының шеткі солтүстік-шығысында нормадан жоғары болады деп болжанады.
Мамыр айында республиканың басым бөлігінде ауаның орташа температурасы нормаға жуық болады деп күтіледі. Атап айтқанда, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында нормадан 1° жоғары.
Мамыр айында республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп болжануда, нормадан жоғарысы – Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облысының солтүстігінде, нормадан төмен- Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде.
Жаздың басы республика аумағының басым бөлігінде норма шамасында күтіледі, елдің шығысы мен оңтүстік-батысында температурасы климаттық нормадан 1° жоғары болады, еліміздің қиыр солтүстік-батысында ауа температурасы нормадан 1° төмен болады деп күтіледі.
Маусым айында еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан аз болады деп болжануда, нормаға жуық -Қарағанды, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, елдің оңтүстігінің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, ал Қазақстанның солтүстік бөлігінде нормадан көп.
Шілдеде еліміздің шығыс жартысында ауаның орташа температурасы нормаға жуық болады деп болжанады, республиканың батысында климаттық нормадан 1-2° жоғары.
Жаздың ортасында ҚР көптеген облыстарында жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп күтіледі, нормаға жуығы - еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында. Жаздың соңында республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормаға жуық болады деп күтіледі. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1° жоғары.
Тамыз айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан жоғары болады деп болжануда. Атап айтқанда, БҚО, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының басым бөлігінде нормаға жуық, Атырау, Маңғыстау облыстарында - нормадан аз болады.
2021 жылдың күзінде ауаның орташа температурасы еліміздің басым бөлігінде норма шамасында болады деп болжануда, республикамыздың солтүстік-батыс жартысында ғана нормадан 1°жоғары. Нормаға жуық жауын-шашынның мөлшері елдің басым бөлігінде күтіледі, ҚР солтүстік-шығысында-нормадан жоғары, республиканың батысында-нормадан аз.
06 сәуір 2021 ж. 2 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031