Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде күзде күн жылы болады

Елімізде күзде күн жылы болады

Елімізде күзде күн жылы боладыPixabay.com
Қазақстанда биыл күзде күн жылы болады. Қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында болса, қазан және қараша айларында көп өңірде әдеттегіден 1-2 градусқа жылы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қыркүйекте температура қандай болады?
«Қазгидромет» күзге арналған консультативтік болжамын жариялады. Қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде орташа температура +9...+15 градус шамасында болады. Елдің оңтүстік-батысында, сондай-ақ солтүстік-батыс пен орталықтың кей жерлерінде ауа температурасы +16...+22 градусқа дейін жетеді.
Көп өңірде температуралық фон күздің алғашқы айына тән қалыпты деңгейде болады. Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарының батысында ауа температурасы климаттық нормадан шамамен 1 градусқа жоғары болады деп болжанып отыр.
Солтүстікте жауын-шашын көп түседі
Қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында болады.
Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Атырау, Қостанай және Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында жауын-шашын мөлшері нормадан көп болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен Абай облысында да қыркүйек жауын-шашындырақ болады.
Оңтүстікте жауын-шашынсыз
Қызылорда және Түркістан облыстарының басым бөлігінде жауын-шашын әдеттегіден аз түседі.
Сондай-ақ Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және Жамбыл облысының оңтүстік-батысында ауа райы құрғақ болады деп болжанып отыр.
Қазан жылы болады
Қазанда Қазақстанның басым бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Бұл кезеңге тән қалыпты температура негізінен Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарының жекелеген аудандарында сақталады.
Қазан айында ел бойынша жауын-шашын мөлшері жалпы алғанда климаттық норма шамасында болады.
Қарашада да күн жылырақ болады
Қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болуы мүмкін.
Алматы, Абай, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарының шығысында температура қалыпты көрсеткіштерге жақын болады.
Көп өңірде жауын-шашын мөлшері норма шамасында күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында және Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігінде жауын-шашын әдеттегіден көбірек түсуі мүмкін.
17 тамыз 2026 ж. 29 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31