«Адал азамат» және «Заң мен тәртіп»: Қызылордада маңызды мәселелер талқыланды

Қызылорда облысы, Сырдария ауданының «Руханият» орталығында «Адал азамат» тұжырымдамасыаясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е. Мендалиевтің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға мемлекеттік қызметшілері, қала, кент және ауылдық округ әкімдері мен қызметшілері, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық стандарттарын сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның негізгі ережелері мен жаңашылдықтарына тоқталды.
Сондай-ақ, «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамаларының қоғамда жауапкершілік, адалдық, еңбекқорлық, отансүйгіштік және заңға құрмет құндылықтарын қалыптастырудағы рөліне тоқталды. Бұл қағидаттарды күнделікті өмірде ұстанудың, құқықтық мәдениетті арттырудың және әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінудің маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, мемлекеттік қызмет саласындағы шектеулер мен талаптар, сондай-ақ жаңа заңға қатысты сұрақтар қойылып, департамент басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.













