Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы ислам ипотекасы: Отбасы банк іске қосуға дайындық туралы хабарлады

Қазақстандағы ислам ипотекасы: Отбасы банк іске қосуға дайындық туралы хабарлады

Фото: depositphotos.com
Отбасы банк өкілдері Қазақстанда ислам ипотекасының іске қосылу барысы мен жаңа құралдың қашан пайдалануға берілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Tengri Home тілшісі.
Поделиться
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Отбасы банк төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай қазақстандықтар ислам ипотекасын қашан пайдалана алатыны және ол қалай жұмыс істейтіні туралы сұраққа жауап берді.
Оның айтуынша, қажетті заңнамалық өзгерістердің бір бөлігі қабылданып қойған. Нақты Отбасы банктің жұмысына қатысты түзетулер 23 шілдеде қабылданып, 21 тамызда жарияланды. Олар 2026 жылдың 21 қазанында күшіне енеді.
"Қазіргі уақытта біз дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ең алдымен, банк тиісті лицензия алуы қажет. Ол бізге жеке және заңды тұлғалар үшін ағымдағы шоттар ашуға, сондай-ақ пайызсыз ислам депозиттерін тартуға мүмкіндік береді", - деді Жансұлтан Матай.

Қазақстанда ислам ипотекасын іске қосу үшін тағы түзетулер қажет

Бұл ретте қолданыстағы заңнамалық өзгерістер Отбасы банк ислам ипотекасын беруді бастауы үшін әзірге жеткіліксіз. Жансұлтан Матайдың сөзінше, бұл бағытта толыққанды жұмыс істеу үшін заңнамаға қосымша түзетулер енгізу мәселесін пысықтау керек.
"Болашақта ислам ипотекасын беруге және толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қосымша өзгерістерді әзірлеуіміз қажет", - деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар Отбасы банк "ислам терезесін" ашуға дайындалып жатыр. Бүгінде лицензия алуға қажетті корпоративтік шешімдер қабылдану үстінде.
Анықтама: Ислам ипотекасы - бұл шариғат нормаларына сәйкес және үстеме пайыз қосуға тыйым салатын тұрғын үй сатып алу тәсілі. Пайызы бар классикалық несиенің орнына басқа схема қолданылады. Мысалы, банк жылжымайтын мүлікті өзі сатып алып, оны клиентке үстеме бағамен бөліп төлеуге сатады немесе тұрғын үйді клиентпен бірлескен меншікке алып, кейін өз үлесін біртіндеп оған береді. Негізгі ұстаным - пайыздардың болмауы, мәміле шарттарының ашықтығы және тәуекелдерді тараптар арасында бөлу.
Бұдан бөлек, банкте исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес құру жоспарланған. Ол Отбасы банктің осы бағыттағы жұмыс саясатын айқындайды.

Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады?

Ислам ипотекасын іске қосудың нақты мерзімі әзірге белгісіз.
"Қандай да бір мерзім туралы айту әлі ерте. Лицензия алған бойда мерзім нақтылана түседі", - деді Жансұлтан Матай.

Мән-жайы

2025 жылы Қазақстанда банктерге "ислам терезесін" ашуға рұқсат беру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын. Бұл - исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша қызмет көрсетуге арналған арнайы бөлімшелер. Дәстүрлі банктік өнімдерден айырмашылығы, мұнда пайыз қолданылмайды: қаржыландыру, мысалы, үстеме бағамен сатып алу-сату, жалдау немесе серіктестік негізінде жасалады. Бұл ретте исламдық операциялар банктің негізгі қызметінен бөлек есептелуі тиіс.
Кейін Отбасы банк те ислам ипотекасын іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатқаны белгілі болды. 2026 жылдың ақпанында "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Рүстем Қарағойшин қазақстандықтардан мұндай өнімге сұраныс түсіп жатқанын, ал оның тетігі халықаралық институттармен бірлесіп зерттеліп жатқанын айтты. Ол кезде де іске қосудың нақты мерзімі аталмаған.

15 қыркүйек 2026 ж. 11 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930