Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтың келіндері

Қазақтың келіндері

Фото: maqat-tynysy.kz
Қонағың көңілденсе төріңдегі,
Көркейе шуақ шашар көңіл демі.
Даладай дастарқанға нұр сыйлаған,
Жасасын, өр қазақтың келіндері!
Жарасқан әдебі де, ибасы да,
Айналған ағайынның сыйласына.
Абыздар, ақсақалдар батаңды бер,
Жасаған келіндердің сыйлы асына.
Қараған атасының қабағына,
Иілген енесінің сабағына.
Ағайын, құт тілеңдер ақ жүректен,
Әр қазақ келінінің қадамына.
Ақ келін, ақ дастарқан төл егесі,
Бөбегі әр атаның немересі.
Шаттығы шаңырақтың шырқай шыңға,
Кеңейер келіндермен керегесі.
Оңталап БАЗАРАЛЫ
25 тамыз 2026 ж. 204 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031