Мал шаруашылығындағы мүмкіндіктер
"Ауыл аманаты" бағдарламасы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын дамытуға, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді шаралар жиынтығы болып табылады. Бағдарламаның тиімділігі бірнеше бағытта көрініс табады.Мал шаруашылығы мен егіншілікті дамытуда "Ауыл аманаты" бағдарламасы арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруға қолдау көрсетіледі. Ауыл тұрғындары үшін мал шаруашылығы мен егіншілік және құс шаруашылығына инвестициялар тартуға мүмкіндік берілуде. Осынысымен ауылдық өңірлердің экономикасы нығайтылады.
Жергілікті өндірістің дамуына сүбелі үлес. Бағдарлама шеңберінде фермерлік шаруашылықтарды дамыту, жергілікті өнімдер өндіруді қолдау, ауылдың табиғи ресурстарын тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасы жанданады.
Ауыл аманаты бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыс көздері қалыптасады. Ол әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлікті демеуде фермерлер мен шағын кәсіпкерлерге түрлі қолдау құралдары – несие беруші ұйымдармен бірлестікте несие алу, субсидиялар, тренингтер және білім беру бағдарламалары ұсынылады. Бұл кәсіпкерліктің дамуына ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік дағдыларын арттыруға көмектеседі.
Бағдарлама ауылдарда әлеуметтік инфұрылымды дамытуға да зор көңіл бөледі. Мектептер, медициналық мекемелер, спорттық алаңдар және мәдени нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Ауыл тұрғындарының табысы мен өмір сүру деңгейі көтерілді. Ауыл халқының денсаулығын, білім алуы мен мәдени өмірін дамыту арқылы, тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсаттары көзделген.
Ауыл шаруашылығында экологияны сақтау алғышарт болып саналады. "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында экологиялық таза өнімдерді өндіруді дамытуға назар аударылып, ауыл шаруашылығында тұрақты әдістер мен жаңа технологияларды енгізу арқылы экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету жоспарлануда.
Ауыл мен табиғат арасындағы үйлесімділікке де аса мән беріледі. Жергілікті экожүйені сақтау мен жаңырту, орман отырғызу, ағын суды тиімді пайдалану, табиғи ресурстарды ұтымды басқару арқылы ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Инновациялар мен технология
Жаңа технологияларды енгізу: Бағдарлама ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды, инновациялық шешімдерді қолданады. Ол фермерлердің еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.
Ауыл тұрғындарын заманауи ауыл шаруашылығы әдістері мен жаңа технологияларды қолдануға үйрету арқылы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету кәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін арттырады.
Ауыл аманаты бағдарламасы ауыл шаруашылығы мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жан-жақты құрал болып табылады. Оның тиімділігі – ауылдық өңірлердің экономикалық тұрақтылығы, тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру, экологиялық тұрақтылықты сақтау және ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуда көрінеді. Осы бағдарламаның аясында қабылданған шаралар, елдің барлық өңірлерінде ауыл шаруашылығын жаңғырту және халықтың инфрақұрылымын жақсартуында арнаулы жобаларды іске асыруда маңызды рөл атқарады.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы, оның ішінде қой шаруашылығы, еліміздің экономикасында үлкен рөл атқаруда. Ал қойлар – қуысмүйізді қостұяқтылар тұқымына жататын үй жануарларының бірі. Олардың етінен, сүтінен, терісінен пайда табу мүмкіндігі зор. Ауыл аманаты бағдарламасына орай қой шаруашылығын дамыту арқылы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктерді қарастырып көрейік.
Қойдың жүні, терісі мен сүті – ауыл шаруашылығының маңызды шикізаттары. Тоқыма, құрылыс, және тіпті авиациялық өнеркәсіпте қолданылатын қой жүні, терісімен бірге мол пайда әкелуі мүмкін. Сондайлардың қатарына енетін Еділбай, оңтүстік-қазақстандық және солтүстік-қазақстандық меринос тұқымдары қолға алуға тұрарлық қой түрлерінің бір бөлшегі.
Қой сүті мен сүт өнімдері, әсіресе, әлемдегі дәм сүйер қауым арасында үлкен сұранысқа ие. Ірімшік, сүзбе, рокфор сияқты өнімдер нарығына сұраныс артқан сайын, олардың өндірісін ұйымдастыру, ауыл тұрғындары үшін табыс көзі бола алады.
Мал бордақылау мен күтіміне айрықша мән берілуі тиіс. Қойлар үшін арнайы қора салынып, оларды дұрыс күтіммен қамтамасыз ету табысқа жеткізетін басты факторлардың бірі. Қораның жарық, құрғақ және кең болуы шарт. Төлдеу кезеңінде малдың қаншалықты жақсы күтімі жасалғаны, олардың өнімділігіне әсер етеді. Малдарды азықтандыру, суаруға және қырқуға арналған әдістемелерді меңгеру, фермерлердің тиімділігін арттырады.
Қостұяқтылардың төлдеу мен көбеюіне де ерекше назар аударған жөн. Мамандардың ақпараты бойынша, қойлардың төлдеу мерзімі 142-155 күнді құрайды. Төлдеуді жоспарлы түрде жүргізіп, төлдердің көктемде туғаны, олардың сынақтық ауа райын жеңіл қабылдауына себеп болады.
Ауыл аманаты дамыту бағдарламалары арқылы, фермерлерге төл алу әдістемелерін үйрету, нәтижесінде мал басын көбейтуге көмек көрсетілуі қажет.
Нарықты қалай игеруге болады?
Мол табысқа кенелу үшін ұйымдасқан өткізу нарығының қалыптасуы өте маңызды. Зерттеу көрсеткендей, базарда өз өнімдерін сату, интернетте жарнама жасау немесе дәмханалар, мейрамханалармен келісім-шарттар жасау арқылы, фермерлер өз өнімдерін тиімді сатып, экономикалық жағдайларын жақсарта алады.
Ауыл аманаты бағдарламасы аясында қой шаруашылығын дамыту ауыл тұрғындарының табысын арттырудың бір жолы. Қазақстанның мал шаруашылығы әлеуеті зор және осы секторды дамыту арқылы жерге бай, өнегелі ауылдарымыздың гүлденуіне ықпал етуге болады. Фермерлерге берілген мүмкіндік облыстағы мал шаруашылығын одан әрі дамытуда маңызды үлес қосады. Тек мейіріммен жұмыс істеп, үйренілгенді тәжірибелік түрде қолданып, ауылдың жанашырлары мен кәсіпкерлері өздерінің табыс көздерін арттыра алады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА














