Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға мол табыс уәде ететін жалған инвестициядан сақ болу ескертілді

Қазақстандықтарға мол табыс уәде ететін жалған инвестициядан сақ болу ескертілді

depositphotos.com
Қазақстан полициясы әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен интернет-платформалар арқылы ұсынылатын күмәнді инвестициялық жобалардан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, алаяқтар өздерін брокер, инвестициялық компания қызметкері немесе қаржы маманы ретінде таныстырып, "жоғары табыс", "кепілді пайда" және "тәуекелсіз инвестиция" ұсынады.
Алдымен олар аз мөлшерде ақша салуды ұсынады. Кейін жалған сайт немесе қосымша арқылы шоттағы қаражат көбейіп жатқандай көрсетеді. Біраз уақыттан соң "инвестицияны ұлғайту", "комиссия төлеу" немесе "шотты бұғаттан шығару" деген сылтаумен тағы ақша аударуды талап етеді.
Адам ақшасын шешіп алмақ болғанда сайт жұмысын тоқтатады, аккаунт бұғатталады немесе "кеңесші" байланысқа шықпай қояды. Соның салдарынан адам салған ақшасынан айырылып қалады.
Алаяқтарға алданып қалмау үшін мына қарапайым ережелерді ұстанған жөн:
  • 100 пайыз кепілдікпен жоғары табыс табасыз деген уәдеге сенбеңіз.
  • "Бірнеше күнде ақшаңызды бірнеше есе көбейтеміз" деген ұсыныстардан сақ болыңыз.
  • Шешімді тез қабылдауға асықтыратын адамдарға сенбеңіз.
  • Бейтаныс адамдардың нұсқауымен ақша аудармаңыз.
  • Банк картасының деректерін, CVV-кодты және SMS арқылы келген кодтарды ешкімге айтпаңыз.
  • Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз.

15 тамыз 2026 ж. 35 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31