Өнерге толы шаңырақ
Мәдениет – өмірдің өзегі, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті. Кез келген мемлекеттің дамуы жолында мәдениет саласы ұмыт қалмайды. Оның ішінде ауыл мәдениетінің де орны жоғары. Көларық ауылдық округіне қарасты Ақтан батыр ауылдық клубы бүгінде жергілікті тұрғындардың бас қосар, рухани сусындар орнына айналған. 1986 жылы типтік жобамен бой көтерген екі қабатты ғимараттың жалпы аумағы 1265,1 шаршы метрді құраса, ауласымен қоса алғандағы көлемі 4625 шаршы метрге жетеді. Мәдени ошақ 200 көрерменге арналған залмен және 20 қосымша бөлмемен жабдықталған. Уақыт талабына сай, 2016 жылы күрделі жөндеуден өткен ғимарат бүгінде ауыл көркіне айналып отыр.Клубтың тыныс-тіршілігін 8 білікті қызметкер қамтамасыз етеді. Оның ішінде 3 мәдениет қызметкері, яки басшы, әдіскер, сүйемелдеушіөнердің дамуына үлес қосса, 5 техникалық қызметкер есепші, еден жуушы, қарауыл және екі от жағушы ғимараттың тұрақты жұмысына жауап береді. МекеменіАқниет Абуовбасқарады.
Материалдық-техникалық базасы да заман талабына сай қалыптасқан. Сахна киімдерінің 1 толық жиынтығы, 37 дана концерттік костюм, оның ішінде ұлттық, өзге ұлт және сахналық киімдер, музыкалық аспаптар: 5 домбыра және 1 қобыз, дыбыстық аппаратура мен заманауи компьютерлік техникалар бар. Сонымен қатар мекеме толықтай интернет желісіне қосылған.
Ауылдың рухын көтеріп, өнерлі жастарды тәрбиелеп отырған бұл орталық – мәдениетіміздің сарқылмас қазынасы. Көларық ауылдық округінің мақтанышына айналған Ақтан батыр ауылдық клубыөнерсүйер қауымды әрдайым қуантып жүр. Жыл басынан бері түрлі шаралар ұйымдастырылып, бірнеше көрермен рухани кештің куәсі болды.Клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау аясында «Президент Жолдауы–халықтың қолдауы» атты дөңгелек үстел өткізілген. Шараға клуб көркемдік кеңес мүшелері, жас мамандар қатысып Президент Жолдауын кеңінен насихаттауға атсалысты.
Сонымен бірге қазақтың күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 140 жылдығына арналған «Әлем мойындаған Қажымұқан» атты фильм ұсынылды. Фильм барысында қатысушыларға Қажымұқан Мұңайтпасов туралы деректер оқылып қойылған сұрақтарға орай мәлімет берілді.Фильмде Қажымұқанның туып өскен ауылынан бастау алып, оның жүріп өткен жолын көркемдеп суреттеген.«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «АРТ уақыт» бағыты бойынша үйірме жұмыстарының сапасын жаңғырту аясында «Үйірме –өнер бастауы» атты танымдық шара өткізілді. Шарада ауылдық клуб жанынан ашыған үйірмелердің мүшелері және жетекшілер қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

«Сұхбат TIME» бағыты бойынша Жастар саясатын қолдау және білімді, өнерлі жастарды қоғамға баулу өнерін кеңінен насихаттау аясында «Руханият және дәстүр» атты дөңгелек үстел өткізілді.Шараға №190 мектептің маманы, Ерлан Бағдатұлы қатысып өз шығармашылығымен бөлісті. Ерлан Бағдатұлы– шығармашыл түрақты жүргізуші, дәстүрлі ән орындаушы.

2016 жылдан бастап өлеңдерге ән жаза бастағанын, қазіргі таңда екі-үш әннің авторы ретінде әрі қарай өз шығармашылығыy дамыта отыроып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүргенін айтты. Термелерден және қазақ эстрадасында танымал әндерден ән орындап берді.Көрермен саны 70-ке жетті. Ұрпақ сабақтастығы, келер ұрпаққа салт дәстүріміздің маңыздылығын насихаттау аясында «Мәдениет пен өнер – ұлттық салт-дәстүріміздің айшығы» атты ауылдың ардақты анасы, шебер Майра Қожабайқызымен сыр-сұхбат өткізілді.
Шарада Майра анамыз жіппен жүргізілетін тоқыма түрлерінің тоқу және ұршық иіру, жүнді түту, шүйкелеу түрлерін көрсетті.Әңгіме барысында нан жабудағы шеберлікті айтып түсіндірді. Шара соңында ұйымдастырушылар атынан сый-сияпат ұсынылды. Көрермен саны 60-қа жетті.

Ақтан батыр ауылдық клубының ұйымдастыруымен ауылдық кітапханамен бірлесе қазақтың лирик ақыны, Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Бүгін менің туған күнім» атты танымдық шара өткізілді. Шара ауылдық кітапхананың оқырмандарымен ақынға арналған көрмені таныстырумен басталды. Көрмеде кітапханашы Р.Бекеш ақынның өмірі мен шығармашылық жолдарымен, жетістіктерімен таныстырып өтті. Шара ақынның жинақтары дайындалған жерде жалғасын тапты.

Көркемсөз үйірмесінің жетекшісі М.Жанділдаев үйірме мүшелерімен ақынның туған жері, шын есімі, алғашқы өлеңдер жинағы, кітаптары, әндермен шырқалып жүрген өлеңдері туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, ақынның өлеңдерін кезекпен оқып шықты. Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар атынан тағайындалған алғыс хатпен марапатталды. Мұнда да 60-қа жуық көрермен жиналды.
Пробация – қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында «Өмір және өзім» атты ауыл механизаторы Дауылбай Өтепбергенов ақсақалмен сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында Дауылбай ата өмірінде жаза басқан сәттерін есіне алып кейінгі ұрпаққа қателік жасамаудың жолын түсіндіріп, ақыл-кеңесін айтты. Сөз соңында өміріне қатысты ең қиын сәттерде ел ағалары, Күніке Ерғалиев, Пірімбет Қабақбаев шаруашылық барысында еңбек еткен замандастарына алғысын білдірді. Дауылбай ақсақалға ұйымдастырушылар атынан сый-сияпат табысталды.Сонымен қатар, латын әліпбиін насихаттау аясында «Кемел болашақ» атты үйірме мүшелерімен танымдық шара өткізілді. Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Әлем әйелдермен әсем» атты салтанатты мерекелік концерт өткізілді. Ауыл өнерпаздарының концертіне ұласқан мерекелік шарада Алтын алқа иегері Ақмарқа анамыз ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Шарада 120 көрермен қамтылды.

Жалпыхалықтық дауыс беру-референдум күніне орай, ауыл өнерпаздарының концерті өткізілді. Концерт ауылдық клубта ұйымдастырылып көрермен қауымға көңіл-күй сыйлады.Наурызнама онкүндігінің Қауышу күніне орай, «Наурызнама бастауы – Қауышу күні» атты танымдық шара өткізілді. Шарада «Қазына» әжелер тобы келеген қонақтарға ұлттық тағамымыздан дәм ұсынып, арнаулы мерекенің негізін түсіндірді.
Шара барысында әнші әжелер тобы халық әндері шырқалып ата бабадан қалған ырым тыйымдар, дәстүрлер жөнінде ақылдарын айтып, батасын берді. Наурызнама онкүндігінің Қайырымдылық күніне орай «Жақсылық жасап жарысайық» атты көпбалалы отбасыға қайырымдылық шарасы өткізілді. Бұл күні еріктілер тобы, ауылдық клуб ұжымы және кітапхана ұжымымыен бірге анасыз балаларын өсіріп, тәрбиелеп отырған әке Алмас Бекмұрзаевтың үйіне барып отбасына азық-түліктен көмек көрсетілді.
Бүгінгі таңда клуб жанында 5 үйірме тұрақты жұмыс істеп, 61 өнерпаз жас пен жасөспірімді қанатының астына алған. Оның ішінде «Сазды әуен» ән үйірмесінде – 15 адам, «Алтыным» би үйірмесінде – 18 адам, «Дарын» көркемсөз оқу үйірмесінде – 10 адам, «Сыр сандық» қолөнер үйірмесінде – 10 адам, «Қос перне» домбыра үйірмесінде – 8 адам бар.

Үйірмелерде атқарылған жұмыстар легі аз емес. Жеткен жетістіктері де баршылық. Мәселен, Басықара ауылдық клубының ұйымдастыруымен, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Бүкілодақтық көркемөнерпаздар фестивалінің лауреаты, әнші, жүргізуші Кенже-Әлі Асқардың 70 жас мерейтойына орай өткізілген «Шарықта, қазақ дауысы» атты аудандық әншілер байқауына Ақтан батыр ауылдық клубының ән үйірмесінің мүшесі Ш.Тағыбергенова қатысып, Дипломмен марапатталды
«Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйі»МКҚК-ның ұйымдастыруымен композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған «Бала даусы – 2026» атты аудандық жас әншілер байқауына ауылдық клубтың ән үйірмесінің мүшесі К.Мирабай қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен облыстық «Бозторғай» байқауының іріктеу кезеңіне Ақтан батыр ауылдық клубының «Алтыным» би тобы қатысты.
«Ақсуат ауылдық клубы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен «Үйірме – өнер баспалдағы» атты аудандық өнер байқауына ауылдық клубтың көркемсөз үйірмесінің мүшесі Әнуарбек Исатай қатысып, ІІІ орынды қанжығасына байлады.
«Ақсуат ауылдық клубы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен «Үйірме – өнер баспалдағы» атты аудандық өнер байқауына ән үйірмесінің мүшесі Нұрдәулет Асқарұлы қатысып, дипломмен марапатталды.
Абай ауылдық клубының ұйымдастыруымен ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына орай «Сырдан басталған жыр жолы» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауынан Ақтан батыр ауылдық клубының көркемсөз үйірмесінің мүшесі Абай Ғанибекұлы қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
Абай ауылдық клубының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Тәуелсіздік – рухтың биі» атты қойылымдық би байқауына Ақтан батыр ауылдық клубының би үйірмесінің «Алтыным» би тобы қатысып, жүлделі ІІ орынмен марапатталды.
Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Тілім –ұлттың тірегі, әзіл – бірліктің діңгегі» атты аудандық жайдарман сайысына ауылдық клуб үйінен қатысқан өнерпаздар жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.
Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, «Қазақфильм» киностудиясының 85 жылдығына арналған «Өмір кадрлары – сахна сырлары» атты аудандық драма үйірмелерінің байқауынаауылдағы №190 мектептің оқушылары қатысып, жүлделі ІІ орын иеленген.
Жалпы қаңтар-мамыр айлары аралығында қатысқан байқау саны – 8.Талапкерлер саны – 37. Оның ішінде аудандық – 8. Жүлделі орындар бойынша, ІІ орын саны – 2, ІІІ орын саны –2, Диплом саны – 2, Алғыс хат саны – 2.
Бүгінде ауылдық мәдениет үйлері тек концерт қоятын орын емес, ол – халықтың басын қосатын рух пен бірліктің ошағы. Ауыл тұрғындарының бос уақытын мазмұнды өткізуі, жас ұрпақтың өнерге, ұлттық дәстүрге баулынуы тікелей осы орталықтардың жұмысына байланысты. Қазақ халқы үшін өнер мен сөз қадірі қашанда жоғары тұрған. Заманауи ақпарат легі мен жаһандану дәуірінде адамдардың материалдық дүниеге ұмтылысы күшейгенімен, рухани шөлдеу де қатар жүреді. Міне, осындай сәтте ауыл клубы рухани сусындататын бұлақтай әсер етеді.
Ауылдық мәдениет ошағының ең басты қазынасы – ондағы аянбай еңбек етіп жүрген өнер адамдары мен жергілікті тұрғындар. Қарттардың батасы мен ақыл-кеңесі тыңдалатын, жастардың жалыны мен жігері тоғысатын орын да осы.Ауылдық жерлердегі мәдениет үйлерінің жұмысын жандандыру – бұл тек ғимаратты жөндеу немесе жабдық алу емес, бұл ең алдымен ұлттың рухани иммунитетін көтеру. Әрбір ауыл клубында рухани кештер жиі ұйымдастырылып, өнер мен әдебиет төңірегінде сырласулар өтетін болса, қоғамның да моральдық ахуалы түзеле түспек.
Иә, ауылдық мәдениет үйі – жанымызды тазартып, бірлігімізді бекемдейтін киелі орын. Осы руханият ошағының оты сөнбей, әрбір ауылдың төрінде домбыра үні мен әсем ән қалықтап тұрса, ұлттың да болашағы баянды болмақ.
Айнұр ӘЛИ














