Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауқымы артқан ауыл мәдениеті

Ауқымы артқан ауыл мәдениеті

Туған жерге деген сүйіспеншілік алдымен сол мекенді көркейтіп, ондағы тарихи, мәдени нысандарды қалпына келтіруден басталатыны анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауында ауылдық клубтардың жұмысын нығайтып, мәдени ошақтар жаңартылуы керек деген тапсырмасына сәйкес жер-жерде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе әр ай­мақ­тағы бірқатар елді мекендерде жаңадан мәдениет үйлері бой көтеріп, ауыл адамдары мәре-сәре. Ауыл мәдениеті клубтан басталады емес пе?
Ауданға қарасты Қарашеңгел ауылдық округінде бой көтерген ауылдық клуб үйі 1964 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. 2017 жылы ауылда 150 орындық «Жалаңтөс батыр ауылдық клубы» салынды. Бұл мекен бірнеше жылдар бойы маз­мұн­ды кештерімен қаншама адамға ізгілік дәнін сеуіп, өнерді сүюге тәр­бие­леп келеді.
Клуб ауласында трансформатор қондырғысы, дизельді электр станциясы, бу қазандығы, автотұрақ орналасқан. Ғимараттың бу қазандығы жылытуға арналған. Ғимараттың ауданы 680 м2. Құрылыс алаңы 6000 шаршы метрді құрайды. Ғимарат 2 қабаттан тұрады. 150 орындық көрермендер залы, үйірме бөлмелері, кітап сақтау бөлмесі, оқырмандар залы, гардероб қарастырылған.
Жалаңтөс батыр ауылдық клубы бойынша штат саны – 14. Барлық қызметкер саны – 16, жоғары білімді – 5, сала бойынша – 4 қызметкер жұмыс атқарып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі өте маңызды сала. Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – рухани келбеті. Бұл қос құндылықты өркениетіміздің өзегі деуге болады. Оны сақтап, байыта түсу – ортақ парыз. Әбіш Кекілбайұлы: «Мәдениет тарихы түптеп келгенде адамзат тарихы. Қазақтың бітім-болмысын оның төл өнерінен көруге болады», – деген еді.
Жалаңтөс батыр ауылдық клубы бойынша әр жылдары жоспарға сай бекітілген мәдени іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Мәселен, былтыр түрлі деңгейдегі 57 мәдени шара өткізіп, 4120 көрерменді қамтыды. Оның ішінде концерт – 9, қатысушылар – 1576 адам, тақырыптық кеш – 16, көрермен саны – 804, Фестиваль, конкурс, байқаулар – 4, қаралым саны – 250 адам. Жастармен өткізілген шаралар –4, көрермен саны – 255 адам. Сонымен қатар балалармен өткізілген 7 шара ұйымдастырылса, оған 735 бала қамтылған.
Өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында жүктеген міндеттері мен облыс әкімінің «Адал адам» тұжырымдамасының 7 бағыты бойынша атқарылған жұмыстар легі де аз емес. Әр бағыт бойынша жылдық жоспар жасалып, мәдени шаралар тұрақты өткізілген. Оның ішінде «Креативті HUB» бағыты бойынша – 5, «Әлем BOOK» бағыты бойынша – 7, «ART-УАҚЫТ» бағыты бойынша – 23, «Шабыт еріктілер» тобы бағыты бойынша – 6, «Сұхбат Тайм» бағыты бойынша – 6, «КИНО ТАЙМ» бағыты бойынша – 12, «Жанұя» бағыты бойынша – 4 шара ұйымдастырылып, бірнеше көрермен көзайым болды.
Ауылдық клуб үйінің өнерпаздары түрлі байқауларға қатысып, топ жарып жүр. Мекемеде 5 үйірме жұмыс жасап келеді. Ол үйірмелерде 50 қатысушы бар. Олар облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысып жүлделі оралды.
Сала мамандарының айтуынша, биылғы жыл да жақсы нәтижемен басталыпты.
Мәселен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Арықбалық ауылдық округі әкімі аппаратының «Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Қазалы ауданының құрметті азаматы, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі Жұмабек Айдарбекұлының зейнет демалысына шығуына арналған «Өмірім – өлеңім» атты облыстық ақындар мүшәйрасына Бекжан Нұрман қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Алматы қаласында өткізілген «JAS JULDYZ PRODUCTION» Халықаралық балалар және жасөспірімдер арасындағы өнер байқауына «Жалаңтөс батыр ауылдық клубы» МКҚК-ның жанынан құрылған көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері қатысып, жүлделі орындар мен киноға түсуге, Анталияға жолдама алып келді. «Қазына би тобы» «Хип хоп» биімен бас жүлдені иемденді. Көркемсөз жанры бойынша Айзере Шайхслам М.Мақатаевтың «Анашым», Алина Бұғыбай «Ана» өлеңдерін жатқа оқып бас жүлдемен, вокал жанры бойынша Саида Сабит «Самалтау» әнін орындап, бас жүлдемен марапатталған.
Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жігіт сұлтаны – 2025» аудандық жігіттер байқауына Қарашеңгел ауылдық округі, Жалаңтөс батыр ауылының тұрғыны Бейбіт Абылай қатысып, ІІІ орынмен марапатталыпты. Ал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Ақсуат ауылдық клубының ұйымдастыруымен үйірме жетекшілерінің жұмысын насихаттау аясында «Үйірме өнер баспалдағы» атты аудандық өнер байқауына «Жалаңтөс батыр ауылдық клубы» МКҚК-ның үйірме мүшелері қатысқан. Домбыр үйірмесінің мүшесі – Нұрдәулет Мақсұт қатысып, І орынды жеңіп алса, көркемсөз үйірмесінің мүшесі – Нұрай Өмірбек алғыс хатпен, ән үйірмесінің мүшесі – Жеңіс Қуанышбай ІІІ орынмен марапатталды.
Сонымен қатар Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйі жанындағы халық театрының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында, Қазақстанның халық әртісі, режиссер, педагог Асқар Тоқпановтың 110 жылдығына орай «Театр өмір айнасы» атты драма үйірмелерінің аудандық байқауына ауылдық клуб үйінің жанынан құрылған драма үйірмесінің мүшелері қатысып, І орынды қанжығасына байлаған.
Абай ауылдық клубының ұйымдастыруымен жазушы, сатирик, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстан журналистикасының ардагері Ғапбас Қабышевтың 90 жылдығына орай «Жүлде үшін жан пида» атты аудандық әзіл-сықақшылар байқауына Жалаңтөс батыр клуб үйінің жанынан құрылған драма үйірмесінің мүшелері қатысып, І орынмен марапатталған. Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы балалар мен жас өспірімдер шығармашылығына арналған ХХҮІІ облыстық «Бозторғай» конкурсына клуб жанынан құрылған домбыра үйірмесінің мүшесі – Нұрдәулет Мақсұт қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ Қожабақы ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс!» атты аудандық жас бишілер байқауына ауылдық клуб үйінің атынан «Қазына» би тобы қатысып, ІІІ орын алған. Ал қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Отан қорғаушылар күні, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай аудандық «Жігіттің төресі» атты аудандық жігіттер байқауына Жалаңтөс батыр ауылынан Абылай Бейбіт қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды.
Біз тек өнерпаздар қойған концертке көрермен болып, рухани кешті тамашалаймыз. Ал оның артында қаншама қызметкерлер атқарған жұмыс пен үздіксіз дайындық тұр. Мәдениет саласының әрбір қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктелген. Тіпті кейде ауқымды іс-шараларды қатарынан абыроймен өткізіп келе жатқан қызметкерлердің халық алдына әдемі қалпында шығып, еш шаршамай, күліп жүргенін көргенде, бір жағынан қуанып, бір жағынан тәнті болатынымыз жасырын емес. Бұл сала мамандарының өз жұмысына деген сүйіспеншілігі мен махаббатын дәлелдеп тұр емес пе?
Халқымыздың бай мәдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қосып келе жатқан мәдениет саласының ел өмірінде алатын орны орасан. Сала мамандарының еңбегі қашан да елеулі. Өнер өлкесінде өзіндік із қалдырып, өнерпаздар жолын жалғап, ел руханиятын дамытуда еңбек етіп жүрген сала мамандарына шығармашылық табыс тілейміз.
Иә, ауылдың өнері өркен жайса, қазақтың мәдениеті қанатын кеңге жаяды. Экономиканың қарқын алуы да ауыл мәдениетін жылма-жыл түлетіп келеді. Ендеше, ауыл мәдениетінің ауқымы арта берсін дейміз.
Айнұр ӘЛИ
09 қыркүйек 2025 ж. 35 0

Түйе бағу – тиімді кәсіп

09 қыркүйек 2025 ж. 25

Жолдар жаңарып, жаңғыруда

09 қыркүйек 2025 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930