Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ауыл аманаты» – жемісті жоба

«Ауыл аманаты» – жемісті жоба

Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекет қолға алған бағдарламалардың бірі – «Ауыл аманаты» жобасы.
Жоба аясында жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, игілігін көріп отырған кәсіпкерлер баршылық. Жыл басынан бері аудан бойынша «Ауыл аманаты» жобасы аясында 29 жоба қаржыландырылды.
«AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшелері аталған жоба аясында кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер Толқын Бижанованың «Толқын тәттілері» атауымен ашылған цех жұмысымен танысты.
Жеке кәсіпкер осыдан екі жыл бұрын “Ауыл аманаты” жобасы аясында 2,5 пайызбен 6,5 миллион теңге несие алған. Түрлі дәмді торттар шығарып халыққа ұсынып отырған кәсіпкер қазіргі таңда орталық базардағы ғимаратты жалға алып жұмыс жасап, 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.
«Ауыл аманаты» жобасы – жас кәсіпкерлерге арналған жарқын мүмкіндік. Жоба аясында кәсіп ашқаныма екі жылдан асып барады. Қазіргі таңда алған несиемнің жартысына жуығын төлеп тастадым. Алдағы жоспарым – цех аясын кеңейтіп, өнім түрлерін көбейту. Бүгінде манты, тұшпара, жартылай фабрикат өнімдері сынды жартылай дайын тағам түрлерін де өндіре бастадық. Барлығы таза әрі сапалы», – деді кәсіпкер.
Айта кетейік, шараға Қазалы аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры М.Ким, Қазалы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы А.Байденесова және аудандық филиалдың сарапшысы А.Кенжалиева қатысты.
#AMANAT
11 қараша 2025 ж. 182 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031