Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспана жайы байыпты ма?

Баспана жайы байыпты ма?

Үйі бардың күйі бар емес пе? Бүгінде әрбір отбасының мәселесіне айналған бас¬пана жайының өзектілігі күшейді. Аудан халқын, оның ішінде әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Бұл тұрғыда аймақта, ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Gov.kz мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы мәлімет бойынша, 2026 жылы барлығы 11 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 6 нысан 2025 жылдан өтпелі, 5-еуі жаңа нысан. Бұл жобаларды іске асыруға 2026 жылға республикалық бюджеттен 1 481,8 мың теңге, облыстық бюджетен 431,9 миллион теңге, барлығы 1 913,7 миллион теңге қаржы бөлінген екен. Әрине, халықтың әл-ауқатын арттыру мен тұрмыс сапасын жақсартудың басты көрсеткіші – заманауи инфрақұрылым және қолжетімді баспана. Бұл бағытта аймақта ауқымды жобалар биыл да өзінің жүйелі жалғасын тауып жатыр.
Аудан орталығы – Әйтеке би кенті мен іргелес елді мекендердегі инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту және тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары серпінмен жүзеге асуда. Тұрғын үй құрылысы – аудан дамуының басты қозғаушы күшінің бірі. Былтыр бюджеттен 1 миллиард 320,5 миллион теңгеге 2 пәтерлік 40 тұрғын үй сатып алынып, 80 отбасыға жаңа баспана табысталды. Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үйге кезегінде барлығы 3374 адам тіркелген. Оның ішінде, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары бойынша – 931 адам, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 128, Көпбалалы отбасылар – 777, бюджеттік сала қызметкерлері – 306 және санатсыз – 1232 адам тіркелген. Сонымен қатар, жақын күндері ауданда 200 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын бастау жоспарланған.
Ауданда тек жаңа тұрғын үйлер салып қана қоймай, қолданыстағы баспана қорын сақтау және олардың эстетикалық келбетін жақсарту мәселесі де басты назарға алынған. Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартумен қатар, көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу ісі кезең-кезеңімен атқарылуда. Осы орайда биылғы жоспарға сәйкес, Әйтеке би кентіндегі заман талабына сай жаңартуды қажет ететін көпқабатты 4 тұрғын үйдің қасбеттерін (фасадтарын) ағымдағы жөндеуден өткізу көзделіп отыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 16,7 миллион теңге қаржы қаралған. Бұл жұмыстар көпқабатты үйлердің тозуының алдын алып, аудан орталығының сәулеттік ажарын мүлдем жаңа деңгейге көтермек. Аудан басшылығы мен жауапты сала мамандарының қатаң бақылауында болатын бұл жөндеу жұмыстары кент тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың айқын көрінісі болмақ.
Аудандағы құрылыс қарқыны соңғы уақытта жаңа белеске көтерілді. Басталған әрбір жоба өз жемісін беріп, көңіл қуантуда. Мәселен былтыр халықтың әлеуметтік осал топтарын заманауи әрі жайлы баспанамен қамту бағытында үлкен қадам жасалды. Аудандағы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін арнайы 2 пәтерлі 40 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сапалы әрі тиянақты салынған бұл үйлер ауданымыздағы көптен күткен үлкен қуанышқа септігін тигізді. Жаңа жоба аясында 80 отбасы өз үйінің кілтін алып, баспана қуанышына бөленді. Қоныс тойын тойлағандардың қатарында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандарды тәрбиелеп отырған шаңырақтар мен толық емес отбасылар бар. Жайлы да кең, заманауи талаптарға сай салынған бұл үйлер аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартып, ертеңгі күнге деген сенімін нығайта түскені сөзсіз.
Айта кеткен жөн, Қызылорда қаласында жақында сол жағалаудағы 10 тұрғын үй кешенінің 600 пәтерін иелеріне табыстау рәсімі өтті. Бүгінде сол жағалауда 169 нысан бар, 136 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, мыңдаған отбасы баспаналы болды. Халыққа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 20 әлеуметтік және 13 бизнес нысаны жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мұнда 47 құрылыс салынып жатыр. Оның 25-і – көпқабатты тұрғын үй, 20-сы – кәсіпкерлік нысан, бір аурухана және бір емхана.

ТҰРҒЫН ҮЙДЕ ЖАҢА ТӘРТІП

Миллионға жуық қазақстандық баспана кезегінде тұр екен. Олардың тізімін қазір Отбасы банк жүргізуде. Былтырғы мәлімет бойынша, кезекте тұрған азаматтар саны - 967 мың. Оның 647 мыңы бұрын жергілікті атқарушы органдар арқылы тіркелгендер. Бұрын тізім реттік нөмірлер арқылы жасақталса, қазір өтініш берген күнге қарай қалыптасады. Яғни кім бұрын кезекке тұрса, сол ертерек алады. Бірақ басымдыққа ие азаматтар санаты бар. Елде заңда белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан мұқтаж азаматтарға төменгі пайызбен тұрғын үй беріледі. Мұндай баспана ҰОС ардагерлері, жетім балалар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топтары (мүгедектігі бар азаматтар, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, қандастар т.б.), мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым жұмысшылары, жалғыз тұрғын үйі апатты азаматтарға беріледі. Ал бұл санатқа жатпайтын, бірақ баспанаға мұқтаж азаматтар төменде тізімде көрсетілген бағдарламалар арқылы баспана сатып ала алады. Екінші реттік тұрғын үй үшін ипотека барын да естен шығармаған абзал. Қазір жылжымайтын мүлік нарығында қолжетімді ипотека аз.
Бір жылдай бұрын, 2025 жылғы мамырда жалпы республикалық тұрғын үй кезегі енгізілді. Оны басқару құзыреті Отбасы банкіне берілді. Осы кезден баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке алу орталықтанды. Бұған дейін үй кезегін әр әкімдік жеке түзетін. Соның салдарынан бірнеше қалада қатар тіркеліп, әрқайсысынан пәтер алған алаяқтар пайда болған. Бірыңғай тізім енгізілгенде Үкімет бұл өзгеріс үй кезегін қысқартатынын уәде еткен еді. Іс жүзінде керісінше болды: кезек күрт көбейді. 2026 жылғы 30 маусымдағы соңғы бірлескен отырысында халықты баспанамен қамтудың стратегиялық мәнге ие екеніне жеке тоқталды.
– Елімізде түбегейлі жаңа Құрылыс кодексі қабылданды. Стратегиялық маңызы айрықша саланы ретке келтіру үшін қабылданған құжаттың маңызы зор. Былтыр Қазақстанда 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл да тарихымыздағы ең жоғары көрсеткіш. Ең басты нәтиже – мыңдаған отбасы баспаналы болды, – деді Президент.
Ол Үкіметке халықты баспанамен қамтудағы мәселелерді еңсеруге бағытталған шара қабылдауды жүктеді. Өз кезегінде Министрлер кабинеті Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылған Президент тапсырма-ларын жүзеге асыруға кірісіп кеткенін хабарлады.
– Былтырғы жыл қорытындысы бойынша, барлық қар¬жыландыру көздері есебінен 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5 141 тұрғын үй сатып алынды. Бұл жұмыс жалғасады. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жоспарланған тұрғын үй көле-мінің пайдалануға берілуін қамтамасыз ету тапсырылды. Инженерлік инфрақұрылымды уақытылы жүргізу және құрылыс жұмыстарының сапасы ерекше бақылауда болады, – деп баяндады жуырда Премьер-министр Олжас Бектенов.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне жүгінсек, құрылыс қарқынының баяулай бастағаны байқалады. Статорганның дерегінше, 2026 жылғы қаңтар-мамырда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-ма¬мырмен салыстырғанда 4,5% көбейді. Салыстыра кетсек, өткен жылдың қаңтар-мамыр айларында ел игілігіне тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылдағыдан 5,7%-ға өскен-тін. Биылғы бес ай қорытындысында рес¬публика бойынша жалпы көлемі 6 миллион 293,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылған. Оның ішінде 4 миллион 223,1 мың шаршы метрі – көппәтерлі. Қалған 2 миллион 50 мың шаршы метрі – жеке үйлер және коттедждер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін немесе 6 миллион 94,7 мың шаршы метрін жеке құрылыс компаниялары енгізді немесе азаматтардың өзі салған. Яғни олардың нарықтағы үлесі 96,8%. Өзгесі – мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғызғаны. Бір қызығы, жыл басынан бері қазақстандықтар өзі са¬тып алған жер учаскелеріне өз бетінше 2 миллион 136,2 мың шаршы метрді құрайтын баспана салып алған.
Халықты қолжетімді баспанамен қамту және азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту – мемлекеттің басты стратегиялық басымдығының бірі. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әркім үшін. Қазір және әрдайым» атты тұғырнамасына сәйкес жеті жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл 1 миллионнан астам отбасыны жаңа пәтермен қамтамасыз етуге тиіс.

ҚАДАМ МЕН ҚАМ

Миллионға жуық қазақстандық баспана кезегінде тұр екен. Олардың тізімін қазір Отбасы банк жүргізуде. Былтырғы мәлімет бойынша, кезекте тұрған азаматтар саны - 967 мың. Оның 647 мыңы бұрын жергілікті атқарушы органдар арқылы тіркелгендер. Бұрын тізім реттік нөмірлер арқылы жасақталса, қазір өтініш берген күнге қарай қалыптасады. Яғни кім бұрын кезекке тұрса, сол ертерек алады. Бірақ басымдыққа ие азаматтар санаты бар. Елде заңда белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан мұқтаж азаматтарға төменгі пайызбен тұрғын үй беріледі. Мұндай баспана ҰОС ардагерлері, жетім балалар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топтары (мүгедектігі бар азаматтар, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, қандастар т.б.), мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым жұмысшылары, жалғыз тұрғын үйі апатты азаматтарға беріледі. Ал бұл санатқа жатпайтын, бірақ баспанаға мұқтаж азаматтар төменде тізімде көрсетілген бағдарламалар арқылы баспана сатып ала алады. Екінші реттік тұрғын үй үшін ипотека барын да естен шығармаған абзал. Қазір жылжымайтын мүлік нарығында қолжетімді ипотека аз.
Қазақстанда 1 шілдеден бастап ипотека беру талаптары өзгермек. Банктер енді несие алушыны бұрынғыдан да мұқият тексеріп, әр клиентке шартты жеке белгілейтін болады. Бұл өзгерістер қарапайым халықтың баспанаға қолжетімділігіне тікелей әсер етуі мүмкін. Ал кезекте тұрған және табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын адамдарға көмек көрсету үшін Үкімет жекеменшіктегі пәтерлерді жалдау ақысын тікелей субсидиялау тетігін қолданбақ. Ол бойынша мемлекет ай сайынғы пәтер жалдау құнының 50%-ын бюджеттен өтейді. Табысы тұрақты, бірақ әлеуметтік осал азаматтарға – мөлшерлемесі 7%-дан басталатын «Наурыз», мүгедек адамдарға, жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға – «2-10-20» сияқ¬ты әлеуметтік ипотекалық бағдарламалар іске қосылғаны алға тартылды.
Айта кеткен жөн, Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы Отбасы банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова әлеуметтік желідегі тікелей эфирде мәлімдеді. Оның айтуынша, бағдарламаны қаржыландыруға қажетті қаражат бөлініп қойған. Бұған дейін бағдарламаны іске асыруға 45 миллиард теңге бөлінетіні хабарланған еді. Өтінім берушілер ресми табысқа ие болуы, соңғы кемінде алты ай бойы зейнетақы жарналарының аударылып тұруы тиіс. Ипотека шарттары бойынша, алғашқы жарна – ірі қалаларда 20%-дан, өңірлерде 15%-дан, несие сомасы – 50 миллион теңгеге дейін, несие мерзімі – 25 жылға дейін. Отбасы банкі әзірге бағдарламаның түпкілікті пайыздық мөлшерлемесін жариялаған жоқ. Бұған дейін алғашқы жылдары мөлшерлеме шамамен 15% болып, кейін 3,5-5% деңгейіне дейін төмендеуі мүмкін екені айтылған.

ТҮЙІН:

Қош. Бүгінгі таңда ел көлемінде тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктері жүзеге асырылуда. Халықтың әлеуметтік осал топтарына, жас отбасыларға және бюджет саласының қызметкерлеріне жеңілдетілген негізде баспана алуға мүмкіндік беретін ипотекалық өнімдер ұсынылуда. Әсіресе, аймақтарда жаңа тұрғын үйлердің бой көтеруі, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның тартылуы және ауылдық жерлердегі құрылыс қарқыны халықтың өмір сүру сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосып келеді. Дегенмен, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесін жеделдету және баспана қолжетімділігін арттыру бағытында әлі де атқарылар жұмыстар жетерлік. Ауданда жыл сайын қоныс той тойлап, баспана кілтін алу рәсімі дәстүрге айналғандай. Үй кезегіне тұрып, уақытымен жайлы үй-жаймен қамтылғандарды көріп ауданда әлеуметтік мәселелердің жүйелі түрде шешіліп жатқанын аңғарасың. Биыл да ауқымды құрылыс пен жаңғырту жұмыстары жалғасын тауып, ауданның баспана әлеуетін одан ары нығайта түсеріне сенім мол.

Айнұр ӘЛИ
04 тамыз 2026 ж. 25 0

Уақытпен үндескен өнер

04 тамыз 2026 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31