Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйде жалаңаяқ жүру пайдалы ма? Маман түсіндірді

Үйде жалаңаяқ жүру пайдалы ма? Маман түсіндірді

Фото: pixabay.com
Подолог Ману Видаль үйде жалаңаяқ жүрудің аяққа қаншалық пайдалы екенін түсіндірді. Оның пікірін El Confidencial басылымы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Видальдың айтуынша, үйде жалаңаяқ жүрудің пайдасы туралы пікірталас тоқтар емес. Дегенмен маман бұл әдетті қолдайтынын айтады.
"Бұл пайдалы ғана емес, өте жақсы әдет. Аяқтың саулығы үшін ең дұрыс нәрсенің бірі осы. Үйде мүмкіндігінше жалаңаяқ жүрген жөн", - деді дәрігер.
Маманның түсіндіруінше, жалаңаяқ жүру табанның табиғи қалпында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл аяқ бұлшықеттерін белсендіреді, буындардың қимылын жақсартады және жүрісті нық етеді.
Подолог мұның өзге де пайдалы жақтарын атап өтті. Оның сөзінше, жалаңаяқ жүру аяқ бұлшықеттерін шынықтырып, қабынуды азайтуға және терлеу үдерісін реттеуге көмектесуі мүмкін.
20 қыркүйек 2026 ж. 24 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930