Қазақстанда 2 орман өрті тіркеліп, толық сөндірілді
Қостанай облысы мен "Семей орманы" аумағында шыққан өрттер дер кезінде анықталды.
Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі31 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында екі орман өрті тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өрттің бірі Қостанай облысында, екіншісі "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған.
Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" қызметкерлерінің әуе патрульдеуі кезінде дер кезінде анықталған. Жедел әрекет етіп, қажетті күштер мен құралдарды жұмылдырудың арқасында өрттер қысқа уақытта оқшауланып, толық сөндірілді.
Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғаудың" әуе өрт сөндіру қызметі мен мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері қатысты.
Қазір бірқатар өңірде аптап ыстыққа байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр. Осыған байланысты мамандар табиғат аясында демалушылар мен орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.











