Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде бір тәулікте орман қорында 6 өрт тіркелді

Елімізде бір тәулікте орман қорында 6 өрт тіркелді

Фото: istockphoto
30 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 6 орман өрті тіркелді.
Өрттердің үшеуі Қостанай облысында, екеуі «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында, біреуі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болған.
Қостанай облысындағы өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің патрульдеу жұмыстары кезінде анықталып, күштер мен техниканы жедел жұмылдырудың нәтижесінде оқшауланды.
Ал «Ертіс орманы» және «Семей орманы» резерваттарындағы өрттер жедел анықтау жүйесі арқылы тіркелді. Өрт орындарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен арнайы техника жіберілді. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Мамандардың айтуынша, аптап ыстыққа байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жоғары өрт қаупі сақталуда. Осыған байланысты азаматтардан табиғат аясында демалу кезінде және орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау сұралады.

31 шілде 2026 ж. 44 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031