Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бәсі биіктеген бизнес

Бәсі биіктеген бизнес

Аймақтағы кәсіпкерліктің дамуы сан қырынан көрініс табуда. Қолдағы барды мол табыс көзіне айналдырып, ел игілігіне еңбек ету қазіргі кәсіпкердің басты ұраны. Бұл саладағы өсу өңір экономикасының әлеуетін арттырып,жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздар жұмыспен қамтылуда.Шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша назар аударды. Аудан тұрғындары арасында кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары артты.
Елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тікелей шағын және орта бизнестің ілгерілеуімен тығыз байланысты. Дәуір талабына сай, кәсіпкерлік тек табыс табудың көзі ғана емес, елдің әл-ауқатын арттыратын, жаңа жұмыс орындарын ашатын және инновацияларды өндіріске енгізетін басты қозғаушы күшке айналды.Соңғы жылдары мемлекет тарапынан іс бастаймын деген азаматтарға қолдау көрсету, әсіресе ауылдық жерлердегі шағын бизнесті жандандыру бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Жеңілдетілген шағын несиелер, гранттар, инфрақұрылымдық көмек пен түрлі оқыту жобалары халықтың іскерлік белсенділігін арттыруға серпін берді. Тәуекелге бел байлап, өзінің жеке ісін ашқан азаматтар өз отбасын асырап қана қоймай, жергілікті бюджетті толықтыруға да үлкен үлес қосып келеді.
Статистикалық деректерге сүйенсек, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында2026 жылдың 6 айында оң тенденция сақталған.Өнеркәсіп өндірісі – 100,2 (16 млрд 575 млнтеңге), өңдеу өнеркәсібі – 100,4 (14 млрд 676 млн теңге), сауда – 100,1 (6 млрд 780,8 млн теңге), ауыл шаруашылығы – 101,0 (4 млрд 794,8 млнтеңге), негізгі капиталға тартылған инвестиция – 101,0 (10 млрд107 млнтеңге), құрылыс жұмыстарының көлемі – 109,7 (6 млрд 199 млнтеңге), тұрғын үй құрылысы – 102,0 (23094 ш.м.) пайызға артыпты. Оның ішінде кәсіпкерлік саласы бойынша, шағын және орта кәсіпкерлікте 4935 кәсіпкер тіркеліп, 4829 бірлік нақты жұмыс жасап тұр. Белсенділік көрсеткіші – 97,8 пайызды құрады.
Ауданда жыл басынан бері жаңадан 9 кәсіпкерлік нысан бой көтеріп, 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар,бизнесті қолдауға бағытталған кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беретін қаржылық ұйымдары тарапынан аудан кәсіпкерлеріне өндіріс түрлерін ашу мен дамыту бағытында жыл басынан бері барлығы 188 жобаға 1,6 миллиард теңге несие қаражаты берілген.2026 жылдың1жартыжылдығында ауданда 1 миллиард 95 миллион теңгеге3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде ерекше атап өтетіні – «Тауарлы балық өсіру тоғанының құрылысы» жобасы.
2025 жылы Басықара ауылынан «Арал рыбторг» ЖШС 650 миллион теңгеге көлемі 464 гектар жерді құрайтын балық тоғаны шаруашылығын бастаған болатын.Қазіргі уақытта шаруашылықтың жоспарына сәйкес2026 жылдың күз айларында 500 тоннаға жуық тауарлы балық өндіріп, оны халық игілігіне жарату көзделуде. Жеке кәсіпкер Ү.Ешжанованың 650 миллион теңге көлеміндегі сауда үйі мен жеке кәсіпкер А.Құлбайдың 650 миллион теңге көлеміндегі сауда үйін де айта кеткен жөн.
Ал «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023-2025 жылдары 1 миллиард 581 миллион теңгеге 226 жоба қаржыландырылып, 270 жұмыс орны ашылған.2026 жылға жобаны іске асыруға 88 жобаға 850 миллион теңге қаржыландырылу жоспарлануда. Жоба аясында 103 жұмыс орыны ашылады деп көзделуде.
Бизнесті қолдау – тұрақтылық пен өркендеудің кепілі. Сондықтан, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті әрбір азаматтың бастамасына өңірлік деңгейде қолайлы жағдай жасап, әкімшілік кедергілерді азайту және өзара әріптестікті нығайту – ортақ міндет. Өйткені қуатты бизнес – қуатты мемлекеттің берік іргетасы.
Айнұр ӘЛИ,
коллаж автордікі
28 шілде 2026 ж. 24 0

Бәсі биіктеген бизнес

28 шілде 2026 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031