Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұранысқа ие орталық

Сұранысқа ие орталық

Аймақтағы кәсіпкерліктің дамуы сан қырынан көрініс табуда. Қолдағы барды мол табыс көзіне айналдырып, ел игілігіне еңбек ету – қазіргі кәсіпкердің басты ұраны. Кәсіпкерлік саласындағы өсу өңір экономикасының әлеуетін арттыратыны сөзсіз. Ал көкжиегін кеңейтіп, түрлі жобаны қолға алған кәсіпкерлер біздің Қазалы ауданында да аз емес.
Соңғы жылдары жаңа жобалар жалғасын тауып, жұмыс орындары ашылып, жұмыссыз жандар жұмыспен қамтылуда. Шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша назар аударды. Жергілікті тұрғындар арасында да кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары артты. Солардың бірі – «Nur-Madi-Ar» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Серік Талқанбайұлы. Ол Қазалыдағы полистиролбетон және қасбеттік жылу панельдерін жасайды.
Полистиролдан жасалатын бұйым­дарды өндіру кезінде әр түрлі фасадтар жасалынады. Полистирол бұйымдары сапалы, әмбебап және экологиялық таза материал болғандықтан жасалған фасадтар жылдам сатылады екен. Осы жобаның қыр-сырына қаныққан ол «Nur-Madi-Ar» жеке кәсіпкерлігін ашып, 2021 жылдан бастап полистиролбетон өндірісін қолға алған.
– Полистирол – бұл ыңғайлы өмір сүру үшін әртүрлі заттарды жасау үшін жиі қолданылатын шикізат, ал полистиролбетон өзінің сапалық және бағалық сипаттамалары жағынан кеуек блоктардан және тіпті газобетоннан асып кетеді. Кәсібіміз ашылғалы халыққа тынымсыз қызмет көрсетіп келеміз. Бұл біздің алға қарай ілгерілеуімізге, одан әрі көкжиегімізді кеңейтуімізге үлкен мотивация береді. Кәсіп бастау үшін адамға ең алдымен тәуекел керек. Барлық қорқынышты ысырып қойып, тәуекелге бел буса, оның жемісін де көрері сөзсіз. Сабырлық, төзімділік пен талапшылдығы да қатар жүрсе, кез келген қиындыққа төтеп берер еді. Қазір табыс табамын деушіге жұмыс көп. Бос жатқаннан еңбек ету керек. Ал сол еңбек ащы тер шығарса, соңында тәтті жемісін береді, – дейді жеке кәсіпкер.
«Nur-Madi-Ar» жеке кәсіпкерлігінде алғашында тәулігіне 10*30*60 өлшемде 400 дана, 20*30*60 өлшемде 800 дана газаблок өнімдері өндірілген. Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарлама аясында бизнесіне қолдау алып, бүгінде құрылысқа қажетті полистиролбетон және қасбетті жылу панельдерін өндірілуде. Мемлекет берген бағдар­ламаны осылайша мүмкіндігіне айнал­дырған ол қазір кәсіпкерлігінің өрге дөңгелеуіне тер төгуде.
Иә, кәсіпкерлікті дамыту – бүгінгі күннің алға қойылған маңызды міндеттерінің бірі. Кәсіпкерлік қанша­лықты дамыса, экономика да сонша­лықты өркендеп өсе бермек. Бүгінгі заманның талабы да осы.

Айнұр ӘЛИ

14 желтоқсан 2024 ж. 951 0

Жастар есірткіге қарсы

22 қаңтар 2025 ж. 85

Қараңғы жолдан аулақ бол

22 қаңтар 2025 ж. 104

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031