Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлік көші ілгері

Кәсіпкерлік көші ілгері

Бүгінде кәсіпкерлік – табыс табу мақсатында тәуекелге барып, жаңа идеяларды іске асыруға бағытталған экономикалық қызмет түрі ғана емес, ел экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және қоғамның әл-ауқатының артуына үлкен үлес қосатын қозғаушы күшке ие екендігін ұғындыруда.
Мемлекет кәсіпкерлікті қолдауға арналған көмек көлемін жыл сайын арттырып келеді. Ұлттық экономиканың маңызды бағыты елімізде іскерлік климатты жақсарту және серпінді өсуде бизнес пен мемлекеттің жаңа әлеуметтік келісімге келуі маңыздылығы айқындауда.
Шағын және орта бизнес – тұрмыстың өсу өрісі. Президент бизнестің бұл түрінің дамуы елдің экономикалық тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға маңызды екенін жеткізіп, кәсіпкерлердің ел игілігі үшін жауаптылығын ескертті. Сапалы өнім шығару, қызмет көрсету және отандық өндірісті өрістету маңызды.
Экономикасының тұрақты дамуы және азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер құруға бағытталған стратегиялық салада Мемлекет пен бизнес арасындағы сенімділік пен ынтымақтастықтың артуы – ұлттық өркендеудің негізгі шарттарының бірі. Қазалы ауданында да кәсіпкерлік саласында соны серіпіліс қанат жайып келеді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің деректеріне жүгінсек, 2025 жылы Қазалыда экономиканың маңызды салаларын дамытуға бағытталған, көп қаржы мен ресурстарды талап ететін, жаңа жұмыс орындарын ашатын, өңірлік және ұлттық экономикалық өсуге ықпал ететін 2 миллиард 400 миллион теңгеге ірі 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Жобалардың екеуі іске қосылған. Үкімет деңгейінде бекітіліп, аймақтарды дамытуға бағытталған басымдыққа ие кәсіп нысандары аудан әлеуметінің артуына ықпалын тигізіп отыр. Жеке кәсіпкер О.Медеубаеваның құны 600 миллион теңге тұратын сауда үйі, жеке кәсіпкер Е.Алданазаровтың 650 миллион теңгелік аквапарк пен қоғамдық тамақтану орны, жеке кәсіпкер А.Бақытпектің 500 миллион теңгенің қонақ үйі аудан тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызметін ұсынуда.
Кәсіпкерлік көрсеткіші ауылдық жерлерде де көңіл қуантарлық. Жыл ішінде Басықара ауылынан 464 гектар жер учаскесін алған «Арал рыбторг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құны 650 миллион теңге тұратын тауарлы балық өсіру тоғанының жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы диқандары 2025 жылы 17 мың 445 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырған. Оның ішіндегі күріштің үлесі – 5636 гектар. Дәнді дақылдар 5881 гектар, майлы дақылдар 500 гектар, картоп , көкініс, бақша 2159 гектар, мал азықтық дақылдар 8900 гектарға орналастырылған.
Елімізде 2023 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылғаны белгілі. Жоба халықтың ауылда еңбек етуіне, жұмыссыздар санының азайып, сонымен қатар тұрғындардың табысының артуына оң әсерін тигізуде. Ауыл шаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама игілігін аудан тұрғындары да көріп, ісін ілгерілеткен. Мемлекеттік бағдарлама аясында 2023 жылы 484,4 миллион теңгенің 68 жобасы қаржыландырылған. Нәтижесінде 92 жұмыс орны ашылған. 2024 жылы 399,1 миллион теңгеге 63 жоба жүзеге асып, 66 жұмыс орны ашылған. Биыл 288,8 миллион теңгеге 40 жоба қаржыландырылып, жоба аясында 50-ге жуық жұмыс орны ашылу көзделуде.
Ауданда ел дамуының ерен үлгісін көрсететін шағын және орта бизнес саласы өркендеп келеді. Мұны кәсіпкерлер бөлінген әртүрлі бағдарламалар, жеңілдетілген несиелер мен гранттар кәсіп бастауға мүмкіндік жемісіне санайды. Сондай-ақ нәтижелі бағыт жастардың кәсіп игеру, бастауға деген қызығушылығын арттырып, олардың өз әлеуетін іске асыруына жол ашқан.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
27 желтоқсан 2025 ж. 119 0

Мәдениет – өркениет өзегі

27 желтоқсан 2025 ж. 136

Ұстаздар жылды қорытындылады

27 желтоқсан 2025 ж. 139

Кәсіпкерлік көші ілгері

27 желтоқсан 2025 ж. 120

Қуантқан барлық баланы

27 желтоқсан 2025 ж. 123

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031