Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпке өрлеген ұстаз

Олимпке өрлеген ұстаз

Сыр өңірі – қашаннан да бұла күштің иелері мен төзімді спортшылар мекені. Соңғы жылдары өңір өзінің даму жолында жаңа серпін алып, отандық және халықаралық ареналарда биік белестерді бағындырып келеді. Бұл жетістіктердің маңызды бөлігін құрайтын Қазалы ауданында да оң өріс, дара динамика байқалуда.
Аудан аты атағанда, оны әйгілейтін спорт түрі аяқдоп алаңы көптің көкейіне оралады. Аудандық футбол федерациясы ұйымдастыратын қысқы кіші футбол біріншіліктерінде талай дарынды ойыншының шеберліктерімен сүйсінтуде. Солардың бірі, бірнеше спорт түрінде өзін дәлелдеп, халықаралық деңгейге көтерілген спортшы – Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мұқағали Серікұлы Сансызбаев.
Жуырда қазалылық спорт жанкүйерлері үшін сүйінші жаңалық жетті. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2026 жылғы 7 шілдедегі №236 бұйрығына сәйкес Мұқағали Сансызбаевқа «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» жоғары атағы берілді. Бұл – тек бір спортшының ғана емес, аудан спортының мерейін өсірген айтулы жетістік.
2-бет
Мұқағали Серікұлы 1992 жылдың 4 қазанында Әйтеке би кентінде спортшылар әулетінде дүниеге келген. Оның спортқа келуі де кездейсоқ емес. Әкесі Серік Сансызбаев аудандық және облыстық футболдың дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі спорт жанашыры болса, ағасы Берік Сансызбаев белгілі қыздар футболынан облыс бойынша аға бапкер. Осындай өнегелі ортада өскен Мұқағали бала күнінен спортты серік етіп, еңбек пен тәртіпті өмірлік қағидасына айналдырады.
Орта мектепті аяқтағаннан кейін Тараз қаласындағы педагогикалық институтта «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алған жігіт туған жеріне оралып, №249 мектеп-лицейде ұстаздық жолын бастайды. Осы білім ордасында «Спорт және өнер» орталығындағы «Жігер» индоор-хоккей үйірмесін ұйымдастырып, жас спортшыларды тәрбиелеуге кіріседі.
Мұқағалиның спорттық жолы көгалдағы хоккей мен индоор-хоккеймен тығыз байланысты. Ол Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Азия және әлемдік деңгейдегі жарыстарда ел намысын қорғады. Сингапур мен Тәжікстанда өткен әлем чемпионатының іріктеу турнирлеріне қатысып, халықаралық тәжірибе жинақтады. Орал қаласында өткен халықаралық турнирде «Үздік қорғаушы» атанып, кәсіби шеберлігін дәлелдейді.
Спортшы бірнеше жыл бойы Тереңөзек кентіндегі «Қайсар» индоор-хоккей клубының намысын қорғап, Қазақстан чемпионаттары мен Ресейдің жоғары лига біріншіліктерінде өнер көрсетеді. 2011-2015 жылдары республика чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері атанса, 2016 жылы көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионы болды. Бұған дейін «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие болған жерлесіміздің енді халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанады.
Шәкір тәрбиелеуде де Мұқағали Серікұлының еңбегі ерекше. Ол Қазалы ауданында индоор-хоккейді балалар арасында дамытуға алғашқы болып ден қойған мамандардың бірі. Жетекшілік ететін «Жігер» командасы республикалық жарыстарда бірнеше мәрте жүлдегер атанып, жас спортшылардың үлкен додада топ жаруына жол ашты. Өзі де мұғалімдер арасындағы облыстық және республикалық жарыстарда аудан намысын абыроймен қорғап келеді. Президенттік көпсайыс, футбол, волейбол, баскетбол, қол добы, арқан тарту секілді спорт түрлерінде де үздіктер қатарынан көрініп жүр.
Спортшының өзі жетістіктің сыры тынымсыз еңбекте екенін айтады.
– Спортпен бала кезден айналысып келемін. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсету – үлкен жауапкершілік. Әрбір жеңістің артында күнделікті жаттығу, төзім мен табандылық жатыр. Спорт адамды шыңдайды, мінез қалыптастырады. Сондықтан осы саланың дамуына үлес қоса беру – басты мақсатым, – дейді Мұқағали Серікұлы.
Шәкірт тәрбиелеп, халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген ұстаздың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Түрлі деңгейдегі марапаттармен қатар, ол аудандық Е.Бозғұлов атындағы стипендияның иегері атанып, білім мен спорт саласындағы жемісті еңбегі үшін бірнеше мәрте марапатталған.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы – Мұқағали Сансызбаевтың спорттағы жаңа белесі. Бұл жетістік оның кәсіби шеберлігі мен қайсар мінезінің, туған жер спортына деген адалдығының айқын көрінісі.
Жоғары спорттық атақты иемденген жерлесіміз алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырып, еліміздің көк Туын халықаралық ареналарда әлі талай мәрте желбіретіп, жас ұрпаққа үлгі болатыны анық.
Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
25 шілде 2026 ж. 22 0

Сан мен сапа сәйкес пе?

25 шілде 2026 ж. 24

Қос кешен іске қосылды

25 шілде 2026 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031