Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда спортшылар күні аталып өтті

Қазалыда спортшылар күні аталып өтті

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев спорт күніне орай Жалаңтөс батыр атындағы орталық стадионда өткен шараға қатысып, спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын және сала ардагерлерін құттықтады.

«Қазіргі таңда Қазалы ауданында бұқаралық спортпен шұғылданушылар 21 796 адамға жетіп, бұл көрсеткіш аудан халқының 28,3 пайызын құрады. Спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысқан қазалылық спортшылар жыл басынан бері 16 алтын, 21 күміс, 36 қола медальға қол жеткізіп отыр. Одан бөлек, жерлестеріміз Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы атанып, 3 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері, 39 адам спорт шеберіне үміткер, 46 спортшы бірінші разряд нормативін орындады», – деген аудан басшысы шәкірттерін жеңіс тұғырына жетелеп жүрген жаттықтырушылар мен спортшыларды марапаттады.
Салтанатты шара үстінде спорт ардагері, волейболдан аудан құрамасының аға жаттықтырушысы Марат Мамаев, №18 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі қазақ күресінің жаттықтырушысы Мұхтар Серікұлы, Әйтеке би спорт клубы қоғамдық бірлестігінің нұсқаушысы Ернар Қайыржанұлы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хатымен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы облыстық спартакиадада жалпыкомандалық есепте екінші орын алған ауданның құрама командасы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, бұл күні «Бәріміз футболға» атты көше командалары арасындағы аудан әкімінің ауыспалы кубогі үшін өткен жарыстың қорытындысы шықты. Байрақты бәсекенің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудандық футбол федерациясының президенті Фердоуси Қожабергенов марапаттап, медальдар мен дипломдар табыстады.


20 тамыз 2019 ж. 1 283 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031