Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сан мен сапа сәйкес пе?

Сан мен сапа сәйкес пе?

Елдің тұрақты дамуына, жердің өркендеуіне жол ашатынтенденция бар. Ол – экономика. Түсініксіз сандары сайрағанмен, әрбір санның астарында атқарылған ауқымды жұмыс, жүзеге асқан жүйелі жобалар жатыр. Ел дамуында аймақтағы айшықты бастамалар мен аудандағы алға басқан жоба-жоспарды айтпасқа болмас. Өңір экономикасы өрлеп, өркендеу үстінде.

Қазір жаһандық экономика күрделі сынақтар мен түбегейлі өзгерістер кезеңін бастан кешіруде. Сыртқы сын-қатерлер мен геосаяси жағдайларға қарамастан, елдің экономикасы тұрақталып, дамудың сапалы жаңа сатысына қадам басып келеді. Басты мақсат – шикізатқа тәуелділікті біртіндеп азайтып, әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті әрі халықтың әл-ауқатын арттыруға негізделген экономика құру.
Статистикалық деректерге сүйенсек, бұрынғыдай емес, қазіргі таңдағы Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды. Бұл – жекелеген аймақтардың дамуын, халықтың өмір сүру сапасының жоғарылауын, жұмыспен қамтудың артуын, кәсіпкерлік көкжиегінің кеңеюін, ел экономикасының өсуін білдіреді. Жалпы өңірдегі өрісті жұмыстарды саралап көрейік. Қазалы ауданында атқарылып жатқан жағымды жаңалықтар көпшілікті қуантуда. Соңғы жылдары Сыр өңірі, оның ішінде аудан үшін жаңа жетістіктер мен толайым табыстың кезеңі болды. Аудан экономикасының барлық саласында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері ілгеріледі. Сондай-ақ айтулы істер, жарқын жобалар жүзеге асты.

2026 жылға арналған аудан бюджетінің көлемі 13,6 миллиард теңге болып бекітіліп, бүгінгі күнге 14,2 миллиард теңгеге нақтыланған. Ауданның өз кірістерінің жоспары 4,2 миллиард теңге болып бекітілген. Бүгінгі күнге жоспар 100 миллион теңгеге ұлғайтылып, 4,3 миллиард теңгеге нақтыланыпты. Биылғы жылдың 6 айында өз кірістеріміздің жоспары 2,1 миллиард теңге болса, нақты 2,2 миллиард теңгеге (103,4%) орындалып, нақтыланған жоспардан 51 пайызға орындалған. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында соңғы жарты жылды да оң тенденция сақталды.Өнеркәсіп өндірісі – 100,2 (16 миллиард 575 миллион теңге), өңдеу өнеркәсібі – 100,4 (14 миллиард 676 миллион теңге), сауда – 100,1 (6 миллиард 780,8 миллион теңге), ауыл шаруашылығы – 101,0 (4 миллиард 794,8 миллион теңге), негізгі капиталға тартылған инвестиция – 101,0 (10 миллиард 107 миллион теңге), құрылыс жұмыстарының көлемі – 109,7 (6 миллиард 199 миллион теңге), тұрғын үй құрылысы – 102,0 (23094 ш.м.) пайызға артты.
Gov.kz ресми сайтында 2026-2030 жылдарға арналған Қазалы ауданының даму жоспары жарияланған. Онда бірнеше маңызды мәліметтер мен статистикалық сандар бар.Қазалы ауданының аумағы 37,0 мың шаршы шақырым немесе облыс аумағының 16,6%-ын алып жатыр.Аудан орталығы – 46,2 мың халқы бар Әйтеке би кенті(аудан халқының 58,3 пайызын құрайды).Ауданда 19 ауылдық округ, Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және 41 ауылдық елді мекен бар.Халық саны 2025 жылдың 1 қарашасына 78,8 мың адамды құрады, халықтың орналасу тығыздығы әрбір 1 шаршы шақырымға 5 адамнан келеді.2025 жылдың 1 қаңтарына қала халқының саны 7,4 мың адам құраса, ауыл халқы 71,7 мың адамды құрайды.Аудан экономикасы ауылшаруашылығына және шағын кәсіпкерлікке негізделген.Өңір экономикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуі ауданның бәсекелестік артықшылықтарын іске асыруға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Аудан өнеркәсібінің негізін 2 сала – тамақ өнеркәсібі (сүт, ет, балық өңдеу) және машина жасау (локомотивтерді және жүк вагондерін жөндеу) құрайды.
Иә, экономикалық тұрақтылықтың негізгі тіректері бар. Соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан реформалар қаржы нарығын сауықтыруға, бизнес жүргізу жағдайын жақсартуға және инвестициялық ахуалды көтеруге бағытталды. Жетістіктермен қатар, экономикалық өсімді жеделдетуді талап ететін өзекті мәселелер де жоқ емес. Ең алдымен, инфляция деңгейін ауыздықтау және халықтың нақты табысын арттыру маңызды міндет болып қала береді. Сол үшін экономиканың түпкі мақсаты – мемлекеттің байлығын көрсету емес, әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Айнұр ӘЛИ,
коллаж автордікі
25 шілде 2026 ж. 23 0

Сан мен сапа сәйкес пе?

25 шілде 2026 ж. 24

Қос кешен іске қосылды

25 шілде 2026 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031