Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарық жүйесінің жаңғыруы қалай?

Жарық жүйесінің жаңғыруы қалай?

Инженерлік инфрақұрылым – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет басшысының бұл бағыттағы түйткілдерді шешуді маңызды міндеттердің қатарына қосуы да сондықтан. Ауданда да бұл мәселелер кезең-кезеңімен қолға алынып, нақты жұмыстар атқарылып келеді. Олай болса, биыл бастау алатын ауқымды жобаларға тоқталып, атқарылған жұмыстардың барысын бағамдасақ.
Тозығы жеткен электр желілері, ескірген бағаналар мен трансформаторлар тұрғындардың тұрмысына айтарлықтай қиындық туғызып келгені жасырын емес. Әсіресе ауылдық елді мекендерді айтпағанда, Қазалы қаласы тұрғындары үшін бұл мәселе көптен бері өзекті болып отыр.
Осы бағытта бүған дейін ауданда ауқымды жобалар қолға алынып, біршама жұмыстар жүргізілген еді. Биыл бұл бағыттағы игі бастамалар жалғасын тауып отыр.
Қазалы қаласының электр желілерін жаңғырту жобасы – осы жұмыстардың ең ірі бағыттарының бірі. Көп жылдар бойы пайдаланылған электр желілерінің тозуы тұрғындар тұрмысына да, кәсіпкерлік нысандардың жұмысына да әсер еткені белгілі. Ескірген инфрақұрылымды жаңарту – уақыт күттірмейтін міндетке айналды.
Осы мақсатта жалпы құны 580 миллион теңгені құрайтын жоба қолға алынды. Оның аясында 2024 жылы 110,1 миллион теңге, 2025 жылы 336,7 миллион теңге бөлінді. Биыл жұмыстарды жалғастыру үшін 132,5 миллион теңге қарастырылып отыр.
Ауылдық елді мекендерде де жарық жүйесін жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қожабақы ауылындағы электр желілері толық жаңартылды. Жобаға 442,8 миллион теңге бағытталды. Ал Ү.Түктібаев ауылында 242,8 миллион теңгенің жұмыстары толығымен аяқталды.
Алда Құмжиек пен Қарашеңгел ауылдары кезек күтіп тұр. Бұл елді мекендердің электр желілерін толық жаңарту үшін құны 910 миллион теңгені құрайтын жоба жоспарланып отыр. Жоба жүзеге асқаннан кейін ауылдардың энергетикалық мүмкіндігі артып, тұрғындардың сапалы электр қуатына қолжетімділігі жақсарады деп күтілуде.
Жүйелі жұмыстардың арқасында аудан бойынша электр желілерінің тозу деңгейі төмендеп келеді. Оны ауданда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарының нәтижесінен бағамдауға болады. Егер бұрын бұл көрсеткіш жоғары деңгейде болса, 2025 жылы ол 67 пайызға дейін азайған. Ал 2026 жылдың соңына қарай 59,9 пайызға дейін төмендету көзделуде.
Аудандағы электр желілерінің жалпы ұзындығы да ауқымды. «ҚЭТТК» АҚ Қазалы аудандық электр торабының қарауында 1200 шақырымнан астам электр желісі бар. Оның әрбір шақырымы – елді мекендердің тұрақты тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды жүйенің бөлігі. Аудан аумағында жоғары және төмен кернеулі желілермен қатар, ондаған қосалқы стансалар мен трансформатор қондырғылары жұмыс істейді. Осындай күрделі жүйені заман талабына сай ұстап тұру – тұрақты жаңғыртуды қажет ететін маңызды міндет.
Өңір үшін стратегиялық маңызы бар тағы бір нысан – Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығында салынып жатқан жаңа қосалқы станса. Бұл жоба да «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Құрылысты бастау үшін республикалық бюджеттен 378,2 миллион теңге бөлініп, қазіргі уақытта жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жалпы жоба құны 1 миллиард 417 миллион теңгені құрайды.
Бұл нысан іске қосылғаннан кейін Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығындағы тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың, өндіріс орындары мен кәсіпкерлік субъектілерінің электр энергиясын тұтыну мүмкіндігі айтарлықтай ұлғаяды.
Ел игілігі үшін салынған әрбір шақырым жаңа электр желісі, орнатылған әрбір трансформатор, іске қосылған әрбір қосалқы станса – тұрғындардың әл-ауқатына арттыруға бағытталған. Оның нәтижесі бүгінгі ұрпақтың тұрмысынан көрініс тапса, игілігін келер буын да көреді. Осы орайда жүзеге асып жатқан жұмыстарға қарап, Қазалыдағы энергетикалық жаңғыруды инженерлік инфрақұрылымды жаңарту ғана емес, өңірдің жаңа даму дәуіріне бастайтын берік негіз деп бағалауға толық негіз бар.
А. ЖҮСІПОВА
25 шілде 2026 ж. 25 0

Сан мен сапа сәйкес пе?

25 шілде 2026 ж. 24

Қос кешен іске қосылды

25 шілде 2026 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031