Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Сарбұлақ ауылының халқымен кездесті

Аудан әкімі Сарбұлақ ауылының халқымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудан орталығынан 120 шақырым шалғайда орналасқан Сарбұлақ ауылына барып, елді мекеннің халқымен кездесті.

Ауыл тұрғындарымен өткен кездесуде аудан басшысы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асып жатқан ауқымды жобалар, 1 шілде де ресми күшіне енетін Жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Ата заң жайында, конституциялық реформаларды жүзеге асырудағы өңір халқының ауызбіршілігі, «Әділетті Қазақстан», «Адал адам» бағдарламасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және елімізде өтіп жатқан маңызды жиындар жайында сөз қозғады.

Мұнан кейін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың басшылығымен өңірде және ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алда атқарылатын жобалар жайында атап өтті. Сонымен қатар аудандағы білім, мәдениет, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, газдандыру, ауыз сумен қамту, электр желілерін жаңғырту және жолдарды жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жайын жеткізді.

Кезек ұсыныс-пікірлерге келгенде сарбұлақтықтар елді мекендегі электр желілерінде жиі ақау болатынын айтып, жөндеу жұмыстарын қолға алуды сұрады. Аудан басшысы осы ретте, өткен жылдан бері ауданда елді мекендердің электр желілерін қайта жаңғырту жобалар жүзеге асыру бойынша бірнеше жобаның жүзеге асып жатқандығын жеткізді. Мәселен, «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында, Қазалы қаласы, Қожабақы ауылы және Ү.Түктібаев ауылдарының электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығында орналасқан нысандар мен тұрғын үйлердің электр энергиясының тұтыну қуаттылығын арттыру мақсатында қосалқы стансасының құрылысы жүргізілгендігін айтты. Осы сынды Сарбұлақ ауылының электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті министрлікке жолданғанын, алдағы уақытта басқа да елді мекендер сынды бөлінген қаржыға сәйкес кезең-кезеңімен тозығы жеткен электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілетіндігін айтты.

Халықпен өткен кездесу соңында аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының маңыздылығына тоқталып, тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және туған жерге жанашырлықпен қарауға ауыл халқын ауызбіршілікпен атсалысуға шақырды.

Жиын соңында ауыл ақсақалдары елді мекенге арнайы келіп, халықтың ұсыныс-пікірін тыңдап, елдегі атқарылып жатқан игі істерді жеткізіп жатқан аудан басшысы мен азаматтарға ризашылықтарын жеткізді.
11 маусым 2026 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930