Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға үндеу жасады
 Фото: Shutterstock
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналар мен жүргізушілерге үндеу жасап, балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырды, деп хабарлайды
Jambylinfo.kz 
Ведомство жаз мезгілінде күннің қатты ысуына байланысты жабық автокөлік салонындағы ауа температурасы бірнеше минут ішінде-ақ қауіпті деңгейге дейін көтерілуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.
Осыған байланысты ТЖМ ата-аналар мен жүргізушілерге келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- балаларды автокөлікте қараусыз қалдырмаңыз, тіпті қысқа уақытқа болса да;
- көліктен шығарда баланың өзіңізбен бірге түскеніне міндетті түрде көз жеткізіңіз;
- көлік есіктерін әрдайым құлыптап, кілтті балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
- аздап ашық тұрған терезе көлік ішіндегі температураны төмендетпейтінін есте сақтаңыз;
- көлікте жалғыз қалған баланы байқасаңыз, дереу 112 қызметіне хабарлаңыз немесе баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдаңыз.
Есіңізде болсын: сырттағы ауа температурасы 30–35°С болған жағдайда көлік салонындағы температура небәрі 10–15 минут ішінде 50–60°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Мұндай жағдайда баланың ағзасы қатты қызып, өміріне қауіп төнеді.
20 шілде 2026 ж. 158 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31