Өрттен сақ болыңыздар

• пеш жағу маусымы алдында пешті және мұржаны тексеріп, оларды жөндеп, күйеден тазалап, жарылған жерін сылап, мұржаны әктеу керек;
• пештерді және мұржаны жөндеуге, салуға мамандандырылған адамдарды шақырту керек;
• жылыту пештерінің алдына еденге 50-70 см қаңылтыр қағып қойыңыз;
• қолдан жасалған электр қыздырғыш құрылғыларын қолданбаңыз;
• төсекте шылым шекпеңіз;
• үйден шығарда барлық газ және электр құрылғыларының өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
• сіріңкелер мен оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз, кішкентай балаларды қадағалаусыз қалдырмаңыз!
Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.