Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалардың жазғы демалысы басталды: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

Балалардың жазғы демалысы басталды: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

Демалыс кезінде кәмелетке толмағандарға қатысты оқиғалар саны едәуір артады.
Балалардың жазғы демалысы басталды: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады
Фото: istockphoto.com
Ішкі істер министрлігі жазғы демалыстың басталуына байланысты азаматтарға үндеу жасап, балалар қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырды, деп хабарлайды  Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Демалыс кезінде кәмелетке толмағандарға қатысты оқиғалар саны едәуір артады. Бұл уақытта балалардың қараусыз қалуы, құқыққа қайшы жағдайларға тап болуы, жол-көлік оқиғасына ұшырауы немесе су айдындары мен тұрмыстық жағдайда зардап шегуі жиілейді.
 
«Цифрлық қауіпсіздік мәселесіне байланысты ата-аналарға да арнайы үндеу жасаймыз. Қазіргі таңда балалар уақыттарының басым бөлігін интернетте өткізеді. Сондықтан ата-аналар баласының қандай сайттарға кіретінін, әлеуметтік желіде кімдермен сөйлесетінін, буллингке, психологиялық қысымға немесе қауіпті контенттің ықпалына ұшырап жүрмегенін бақылауы қажет. Балаларды тәрбиелеу жауапкершілігі ата-аналардың мойнында екенін еске саламыз. Педагогтерді де демалыс кезінде отбасылармен байланысты үзбеуге, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға назар аударуға және алаңдатарлық белгілерге дер кезінде әрекет етуге шақырамыз», – делінген хабарламада.
27 мамыр 2026 ж. 128 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031