Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала қауіпсіздігін бақылау-әрбір ата-ананың міндеті

Бала қауіпсіздігін бақылау-әрбір ата-ананың міндеті












Жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Әсіресе, ата-аналардың қарауынсыз қалған бүлдіршіндердің көпқабатты тұрғын үйлердің терезелері мен балкондарынан құлап кету жағдайлары алаңдаушылық туғызуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына келген облыстық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Асхат Оразбеков өңірдегі ахуал мен жүргізіліп жатқан түсіндіру іс-шаралары туралы баяндады.
– Биылғы жылдың басынан бері облыс көлемінде ата-анасының қарауынсыз қалуы салдарынан балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты 8 оқиға тіркелді. Бұл жағдайлардың басты себептері – балаларды бақылаусыз қалдыру, терезелерде арнайы қорғаныс құрылғыларының болмауы және балалардың терезе маңында ойнауы. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері 5720-ға жуық тұрғынға арналған 61 түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында 36 материал жарияланды. Сонымен қатар баспасөз беттерінде 21 мақала жарық көрді, - деді Асхат Плалұлы.
Бұдан бөлек, мектеп оқушылары арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында қосымша кездесулер өткізіліп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
– Балалардың терезеден құлау оқиғаларын азайту үшін тұрғын үйлерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату жұмыстары қолға алынған. Осы жылдың өзінде департамент тарапынан тұрғын үйлердің терезелеріне 183 терезе блокираторы орнатылды. Мұндай құрылғылар балалардың терезені өздігінен ашуына мүмкіндік бермейді және қауіптің алдын алуға көмектеседі. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі ересектердің салғырттығынан орын алады. Сондықтан ата-аналар мен қамқоршылар балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуі қажет, – деді басқарма басшысы
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға бірқатар маңызды қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Атап айтқанда, үйде бала болған кезде терезелерді ашық қалдырмау, терезедегі москит торын сенімді қорғаныс құралы ретінде пайдаланбау, балаларды терезе, балкон және шыны есіктердің жанында қараусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ жиһаздарды терезе маңына қоймау, балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отыру және терезелерге арнайы блокираторлар немесе құлыптар орнату ұсынылады.
Балалардың өмірі мен денсаулығы қоғамның ең басты құндылығы. Сондықтан әрбір ата-ана қауіпсіздік талаптарын сақтап, бүлдіршіндердің амандығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

23 маусым 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930