Конституциялық реформаның берік негізі

Конституциялық реформа ел дамуына серпін беретінмаңызды қадам. Оның басты мақсаты – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті нығайту. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Ата заң қағидалары әділетті қоғам құруға бағытталған маңызды өзгерістерді қамтиды. Конституция – кез келген мемлекеттің негізгі заңы әрі құқықтық жүйенің өзегі. Сондықтан оған енгізілген өзгерістер елдің болашағына тікелей ықпал етеді. Жаңа Ата заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға басымдық береді.
Сонымен қатар заң үстемдігін нығайтып, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға жол ашады. Конституциялық реформа билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікті сақтауға да ерекше мән береді. Демократиялық қағидалардың одан әрі дамуына мүмкіндік жасайды. Азаматтардың мемлекеттік маңызды шешімдергеқатысу мүмкіндігінің кеңеюі реформаның маңызды нәтижелерінің бірі. Жаңа Ата заң қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаларын нығайтуға ықпал етеді. Ол әрбір азаматтың құқықтық қорғалуына сенімді кепіл болуға тиіс. Конституциялық реформаның табысты болуы заңдардың тиімді орындалуына байланысты.
Әрбір азамат Конституцияны құрметтеп, оның талаптарын сақтауы қажет. Заңға бағынатын қоғамда тұрақтылық пен даму қатар жүреді. Менің ойымша, жаңа Ата заң еліміздің құқықтық мемлекет ретінде дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжат. Ол мемлекетпен халық арасындағы сенімді нығайтуға қызмет етеді. Конституциялық реформаның нәтижелері елдің ұзақ мерзімді дамуына оң әсерін тигізеді. Жаңа Ата заңның басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттырып, әділетті Қазақстанды қалыптастыру. Бұл реформаны елдің болашағына бағытталған маңызды тарихи қадам депбағалаймын.
Рахметулла ІЗТІЛЕУ,
Қазалы көлік- техникалық жоғары колледжі директоры













