Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 48 градусқа дейін қатты ыстық: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

48 градусқа дейін қатты ыстық: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: depositphotos.com
Қазгидромет 18, 19, 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қостанай облысының кейбір аудандарында, 19-20 шілдеде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 20 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Кейбір жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады.
Солтүстік-батыс пен солтүстікте кей уақыттарда ауа температурасы +21…+29 градусқа дейін төмендейді.
Сонымен қатар, елдің шығысы мен орталығына Орта Азия аудандарынан ығысатын ауа массалары ықпал етеді. Осыған байланысты мұнда күндізгі ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін жетіп, қатты ыстық болады. Орталық, шығыс өңірлердің оңтүстік бөлігінде қатты ыстық сақталып, ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі. Елдің оңтүстік-батысында +44 градусқа дейін, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +45…+48 градусқа дейін аптап ыстық болады.

17 шілде 2026 ж. 29 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031