Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанды 46 градусқа дейін аптап ыстық күтіп тұр

Қазақстанды 46 градусқа дейін аптап ыстық күтіп тұр

Фото: unsplash.com
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17, 18 және 19 маусым күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. 18-19 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде күшті жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Өңірлерде ауа райы қалай құбылады?
Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі ауа температурасы 17-25 градустан 15-23 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 25-35 градустан 20-31 градусқа дейін түседі. Орталық өңірлерде түнде 18-25 градустан 15-22 градусқа дейін төмендейді. Ал 17-18 маусым күндері күндізгі температура 35-39 градусқа дейін көтерілмек. Облыстың оңтүстігінде аптап ыстық 42 градусқа дейін жетеді. 19 маусым күні күндізгі температура 27-32 градусқа дейін төмендейді.

Шығыс өңірде түнде температура 12-23 градустан 17-25 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 27-35 градустан 35-39 градусқа дейін ыстық болады. 19 маусымда кей аудандарда өте қатты ыстық – 40 градус күтіледі.

Оңтүстік-шығыста түнгі температура аздап көтеріліп, 18-23 градустан 20-25 градусқа дейін жетеді. Күндіз 35-39 градусқа дейін қатты ыстық болады, 18-19 маусымда кей жерлерде өте қатты ыстық – 42 градусқа дейін көтеріледі.

Ал оңтүстік өңірлерде күндізгі температура 43-46 градусқа жетіп, кейін 30-38 градусқа дейін төмендейді.
16 маусым 2025 ж. 287 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031