Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан медиация жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылды

Қазақстан медиация жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылды

Құжат дауларды реттеудің заманауи тәсілдерін енгізуге, мемлекетаралық дауларды шешу тетіктерін жетілдіруге және еліміздегі медиация институтының әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Қазақстан медиация жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылды
Фото: iStock
Бейжің қаласында Қазақстанның ресми делегациясы Халықаралық медиация ұйымын құру туралы конвенцияға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Конвенция еліміздегі медиаторлардың халықаралық әріптестік аясын кеңейтіп, әлемдік тәжірибені игеруіне, тәжірибе алмасуына және кәсіби деңгейін жетілдіруіне тың серпін береді.
Сонымен бірге конвенция Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеріп, мәмілеге негізделген дауларды шешу тәжірибесін кеңінен дамытуға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, конвенцияны ратификациялауға қатысты қажетті рәсімдерді жүзеге асырады. Медиация институтын дамыту және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Бүгінде Конвенцияға 45 мемлекет қол қойған.
16 шілде 2026 ж. 53 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031