Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация – оңтайлы шешім

Медиация – оңтайлы шешім

Фото: Н.Нұржаубай
Қазіргі заманда қоғамда туындайтын дау-жанжалдар мен келіспеушіліктерді бұрынғыдай тек сот арқылы шешу жалғыз жол емес. Осы орайда баламалы тетік – медиация институтының рөлі күн санап артып келеді.
Медиация – тараптардың дауын бітімгершілік жолмен, бейбіт келіссөз арқылы шешуге бағытталған тиімді тетік. Бұл – уақытты, қаражатты үнемдейтін, ең бастысы – екі жақтың да мүддесін ескеруге мүмкіндік беретін оңтайлы шешім.
Медиация – арнайы дайындықтан өткен бейтарап тұлға – медиатордың көмегімен тараптардың дау-жанжалын шешу тәсілі. Медиатор ешкімнің жағында тұрмайды, тек екі жаққа да қолайлы мәміле табуға көмектеседі. Медиация процесі құпия түрде өтеді. Бұл тараптардың беделін сақтап, қарым-қатынасын бұзбай шешуге жол ашады.
Медиацияның басты артықшылықтарының бірі – үнемділік. Сот процесімен салыстырғанда, ол әлдеқайда аз шығынмен және қысқа мерзімде жүзеге асады. Сонымен қатар екі жақ та шешім қабылдауға қатысады. Тараптардың өзара ренішсіз, келісіммен тарауына ықпал етеді. Әсіресе отбасылық, еңбек, көршілік, мұрагерлік және кәсіпкерлік дауларда медиация тиімді жол ретінде танылып отыр.
2011 жылы «Медиация туралы» заң қабылданғаннан бері аталған институт жүйелі түрде дамып келеді. Әлеуметтік түсіндіру жұмыстары, медиаторлар дайындау курстары және медиация орталықтарының ашылуы – осы саланың дамуына серпін берді. Мемлекет те бұл бағытқа қолдау көрсетіп отыр. Өйткені дауларды сотқа жеткізбей шешу – сот жүйесіне түсетін жүктемені азайтады, әрі қоғамда татулықты нығайтады.
Жаныбек БОСТАНДЫҚҰЛЫ,
Қазалы аудандық сотының судьясы

04 мамыр 2025 ж. 223 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930