Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация – оңтайлы шешім

Медиация – оңтайлы шешім

Фото: dszn.ru
Қазіргі заманда қоғамда туындайтын дау-жанжалдар мен келіспеушіліктерді тек сот арқылы шешу бұрынғыдай жалғыз жол емес. Осы орайда баламалы тетік – медиация институтының рөлі күн санап артып келеді. Медиация – тараптардың дауын бітімгершілік жолмен, бейбіт келіссөз арқылы шешуге бағытталған тиімді тетік. Бұл – уақытты, қаражатты үнемдейтін, ең бастысы – екі жақтың да мүддесін ескеруге мүмкіндік беретін оңтайлы шешім.
Медиация – арнайы дайындықтан өткен бейтарап тұлға – медиатордың көмегімен тараптардың дау-жанжалын шешу тәсілі. Медиатор ешкімнің жағында тұрмайды, тек екі жаққа да қолайлы мәміле табуға көмектеседі. Медиация процесі құпия түрде өтеді, бұл тараптардың беделін сақтап, қарым-қатынасын бұзбай шешуге жол ашады.
Медиацияның басты артықшылықтарының бірі – үнемділік. Сот процесімен салыстырғанда, ол әлдеқайда аз шығынмен және қысқа мерзімде жүзеге асады. Сонымен қатар, екі жақ та шешім қабылдауға қатысады, бұл тараптардың өзара ренішсіз, келісіммен тарауына ықпал етеді. Әсіресе, отбасылық, еңбек, көршілік, мұрагерлік және кәсіпкерлік дауларда медиация тиімді жол ретінде танылып отыр.
Елімізде 2011 жылы «Медиация туралы» заң қабылданғаннан бері бұл институт жүйелі түрде дамып келеді. Әлеуметтік түсіндіру жұмыстары, медиаторлар дайындау курстары және медиация орталықтарының ашылуы – осы саланың дамуына серпін берді. Мемлекет те бұл бағытқа қолдау көрсетіп отыр, өйткені дауларды сотқа жеткізбей шешу – сот жүйесіне түсетін жүктемені азайтады әрі қоғамда татулықты нығайтады.
Қазалы аудандық сотының судьясы
Жаныбек Бостандықұлы
30 сәуір 2025 ж. 65 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930