Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің бір бөлігінде нөсер жауып, енді бір өңірде аптап ыстық болады

Еліміздің бір бөлігінде нөсер жауып, енді бір өңірде аптап ыстық болады

Еліміздің бір бөлігінде нөсер жауып, енді бір өңірде аптап ыстық болады
Pixabay.com
9 шілде күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, нөсер жаңбыр мен екпінді жел соғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында да қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ал еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз, аптап ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы батыс пен оңтүстік-шығыста +33…+34°C, орталық пен солтүстік-батыста +32…+40°C, оңтүстікте +38…+45°C, ал шығыста +30…+38°C-қа дейін көтеріледі.

ҮШ МЕГАПОЛИСТЕГІ АУА РАЙЫ
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +32...+34°C болады.
Алматыда бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 3-8 метр соғып, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +31...+33°C болады.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +37...+39°C болады.
09 шілде 2026 ж. 194 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31