Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлік нысандардың санитарлық тазалығы талапқа сай болуы тиіс

Кәсіпкерлік нысандардың санитарлық тазалығы талапқа сай болуы тиіс

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі орталық көшелер — Әйтеке би және Қ.Пірімов көшелерінің бойын аралап, орталық көшелер мен көше бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың санитарлық тазалығын көрді.
Аралау барысында аудан басшысы көше бойындағы тазалық жұмыстарына, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеті мен санитарлық жағдайын бақылады. Орталық базар аумағындағы тазалық, сауда қатарларының орналасуы, аяқ су арықтарының тазалығы, жол жиектерінде ретсіз өскен шөптерді шабу, бей-берекет тасталған қоқыстарды дер кезінде тазарту мәселелеріне назар аударды.
Аудан басшысы кент әкімі мен аудандық кәсіпкерлік бөлімі, аудандық полиция бөлімі, құрылыс бөлімінің басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, орталық көшелердегі сәулеттік келбетке сай келмейтін кәсіпкерлік нысандарды анықтап, заң аясында тиісті шаралар қабылдау, көше бойындағы санитарлық тазалықты тұрақты бақылауда ұстау, заңсыз қоқыс тастаған тұрғындар мен кәсіпкерлерге тиісті шара қабылдау, абаттандыру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Кәсіпкерлерге өздеріне тиесілі аумақтардың тазалығын тұрақты сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кәсіпкерлік нысандардың алдына қоқыс тастауға жол бермеу, ғимараттардың сыртқы келбетін талапқа сай ұстау қажеттігі қатаң ескертілді.
Аудан басшысы кент тазалығы мен көркі — баршаға ортақ жауапкершілік екенін атап өтіп, берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
01 шілде 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031