Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде

Қазалыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін Қазалы ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстары барысында кент орталығындағы Роза Бағланова көшесінде, Жалаңтөс баһадүр саябағында, Теміржол вокзалы аумағы, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандардың маңында абаттандыру және санитарлық тазалық шаралары атқарылды. Атап айтқанда, аялдамалар жуылып, көше бойындағы бордюрлер әктелді, жарық бағаналары, қоршаулар сырлануда. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандарының сыртқы келбетін қалыпқа келтіру, аумақтарды ретке келтіру, шөп шабу және қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Кент аумағында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарының барысын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Кент әкіміне санитарлық тазалықты тұрақты бақылауда ұстау, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру бағытында бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы санитарлық тазалық жұмыстары жалғасын таба беретін болады.
26 маусым 2026 ж. 37 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930