Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әділетті қоғамның негізі

Әділетті қоғамның негізі

Әрбір тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды құжаты – Конституция. Елдің саяси, құқықтық және әлеуметтік жүйесінің негізін қалайды. Конституция – халықтың еркі мен мемлекеттің даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Қазақстанда қабылданған жаңа Конституция елдің жаңару жолындағы маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.
Жаңа Конституцияның қабылдануы қоғам сұранысынан туындаған қажеттілік. Уақыт өткен сайын мемлекет дамып, қоғамда жаңа талаптар мен өзгерістер пайда болады. Осыған байланысты Конституция да заман талабына сай жаңартылып отыруы тиіс. Қазақстандағы реформалар елді демократияландыруға, басқару жүйесін жетілдіруге және халықтың мемлекет ісіне қатысуын арттыруға бағытталған.
Жаңа Конституцияның басты ерекшеліктерінің бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыру. Билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, азаматтардың пікірін ескеру және құқықтарын қорғау. Осы арқылы мемлекет пен қоғам арасындағы сенім артып, тұрақтылық күшейеді.
Жаңа Конституция қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заңға құрметпен қарауды нығайтуға ықпал етеді. Әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін біліп, заң талаптарын сақтаған жағдайда ғана қоғамда тәртіп пен тұрақтылық орнығады. Конституцияның негізгі қағидаттарын насихаттау жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, белсенді азаматтық ұстанымын қалаптастыруға мүмкіндік береді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жаңа Конституцияның басты басымдықтарының бірі. Әрбір адамның заң алдында тең болуы, сөз бостандығы, пікір білдіру еркіндігі, еңбек ету және білім алу құқықтары ерекше қорғалатын болды.
Сонымен қатар адам құқықтарын қорғау механизмдері жетілдірді. Азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге және заңдардың Конституцияға сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді. Жаңа Конституция әлеуметтік әділеттілік мәселесіне де ерекше көңіл бөледі. Мемлекет халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік теңсіздікті азайтуға және әрбір азаматқа тең мүмкіндік жасауға ұмтылады. Әсіресе білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына ерекше мән берілген. Бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.
Экономикалық тұрғыдан алғанда да, жаңа Конституция елдің тұрақты дамуына жағдай жасайды. Заң үстемдігі мен әділдік қағидаттарының нығайтып, кәсіпкерліктің дамуына жол ашады. Өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халық табысының артуына ықпал етеді.
Сонымен бірге табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелері де назардан тыс қалмаған. Конституцияда жер мен табиғи байлықтардың халық игілігі үшін пайдаланылуы керектігі атап өтілген. Яки болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті көрсететін маңызды қағида.
Конституциялық реформалар мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілердің ашықтық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын ұстануы халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартып, азаматтардың қажеттіліктеріне жедел жауап беруге жағдай жасайды.
Жаңа конституция жастардың білім алуына, еңбек етуіне және өз қабілеттерін жүзеге асыруына кең мүмкіндіктер береді. Елдің болашағы саналатын жас ұрпақтың құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Конституцияның қағидаттарын құрметтеу және сақтау әрбір жас азаматтың жауапкершілігі болып саналады.
Жалпы алғанда жаңа Конституция елдің жаңаруына, әділетті қоғам қалыптастыруға және демократиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған маңызды құжат. Ол Қазақстанның болашағына сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.
Конституция әрбір азаматтың өміріне әсер ететін басты құжат. Сондықтан әрбір адам оны білуі, құрметтеуі және оның талаптарын сақтауы тиіс. Жаңа Конституция халық пен мемлекеттің арасындағы сенімді нығайтатын, елдің дамуына серпін беретін маңызды қадам.
Е.ҚОНАКБАЕВ,
Қазалы аудандық
Мемлекеттік қазынашылық
басқармасының басшысы
09 маусым 2026 ж. 48 0

Күлкі мен ойға толы кеш

09 маусым 2026 ж. 50

Төрт ауылға-тұрақты жылу

09 маусым 2026 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930