Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел дамуының жаңа кезеңі

Ел дамуының жаңа кезеңі


2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституция – Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы ең ауқымды саяси-құқықтық реформалардың бірі. Конституция мәтінінің басым бөлігінің жаңаруы мемлекетті басқару жүйесін заман талабына сай жетілдіруге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін қалыптастыруға бағытталған.
Реформа аясында мемлекеттік басқару құрылымының жаңаруы, Президент өкілеттіктерінің бір бөлігінің Парламент пен Үкіметке берілуі, Конституциялық Соттың қайта құрылуы және жаңа қоғамдық институттардың енгізілуі – еліміздегі демократиялық үдерістердің жалғасы деп бағалануы тиіс.
Мемлекеттік тілге қатысты өзгерістер де ерекше назар аудартады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін толық сақтап қалды. Ал орыс тілінің қолданылуына қатысты «тең» ұғымының «қатар» сөзімен ауыстырылуы мемлекеттік тілдің рөлін күшейтуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланады. Сонымен бірге бұл өзгеріс қоғамдағы тілдік келісім мен тұрақтылықты сақтай отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жаңа Конституция – еліміздің құқықтық мемлекет ретінде дамуына, қоғамдық келісімді нығайтуға және әділетті Қазақстанды қалыптастыруға негіз болатын маңызды құжат. Оның басты мақсаты – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
 
Нұрбибі ӘШІР,
«Қазақ тілі» Қазалы ауданы бойынша қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
30 маусым 2026 ж. 34 0

Ел дамуының жаңа кезеңі

30 маусым 2026 ж. 35

Қамқорлығы мол Қаршыға

30 маусым 2026 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930