Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Игі іске ауызбіршілікпен бірге атсалысты

Игі іске ауызбіршілікпен бірге атсалысты

Қазалы ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан әкімдігі, аудандық прокуратура және аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен тазалық шарасы өтті.
Тазалық шарасы Әйтеке би кентіндегі мәдени-демалыс кешені аумағында ұйымдастырылып, оған мемлекеттік мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, «Жасыл ел» жастары және аудан тұрғындары белсене қатысты.
Экологиялық шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп, тазалық мәдениетін қалыптастыру мен тазалықты сақтау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы – ел болашағына бағытталған маңызды бастама. Президент «Таза Қазақстан – әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс қағида» деп атап өткен болатын.
Бүгінгі таңда экологиялық акция аясында ауқымды абаттандыру және құрылыс жұмыстары жүргізілген Қазалы мәдени-демалыс кешені аудан тұрғындары мен қонақтарының ең көп жиналатын, сүйікті демалыс орындарының біріне айналды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған кешенде тұрғындардың жайлы демалуына барлық жағдай жасалған. Күн сайын кешенге 3 мыңнан астам адам келіп, өздерінің бос уақытын тиімді өткізуде. Туған жердің тазалығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы орайда аудан әкімдігі мен аудан прокуратураның, құқық қорғау органдарының ұйымдастыруымен өтіп жатқан сенбілік шарасы – туған жерге деген құрметтің, елге деген жанашырлықтың нақты көрінісі, – деді аудан басшысы.
Аудан прокуроры Мадияр Бекпанов та сөз сөйлеп, қоршаған ортаны таза ұстау – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі екенін жеткізді. Экологиялық акцияға орай ұйымдастырылған шара серпінді сенбілік жұмыстарына жалғасып, қазалылықтар туған жердің тазалығына ауызбіршілікпен атсалысты.
Қазалы ауданында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында серпінді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік жұмыстарына аудандағы барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, «Жасыл ел» жасағының жастары мен тұрғындар белсене атсалысты. Аудан орталығында өткен сенбілік барысында «Қазалы мәдени-демалыс кешені», Әйтеке би кентінің кіре беріс аумағы, Қ.Пірімов көшесі және Әйтеке би кентінің шет аймақтарында қоқыстан тазарту, бей-берекетсіз өскен шөптерді шабу, аяқ су арықтарын тазалау сынды жұмыстар жүргізілді. Дәл осындай сенбіліктер барлық ауылдық округтерде де жалғасты.
Тазалық шарасы барысында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен Әйтеке би кентінің шет аймақтарындағы шашылған қоқыстар техникалардың көмегімен алынып, арнайы орындарға шығарылды.
Мәдени-демалыс кешені мен Әйтеке би кенті аумағында өткен тазалық жұмыстарын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, аудан прокуроры Мадияр Бекпанов және аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев аралап көріп, Әйтеке би кентіндегі әрбір аумақтың тазалығы бойынша алдағы уақытта атқарылатын бірлескен тазалық жұмыстарын талқылады.
Жалпы аудан бойынша өткен сенбілік жұмыстарына белсенділік танытып, 148 мекемеден 1856 адам, 17 техника жұмылдырылып, полигондарға 18,2 тонна қоқыс шығарылды.
Е.Мерек
23 маусым 2026 ж. 34 0

Серт пен міндет биігінде

23 маусым 2026 ж. 41

Еңбекпен өрілген жол

23 маусым 2026 ж. 52

Гүл жайнаған балғындар

23 маусым 2026 ж. 41

Ұлттың алтын діңгегі

23 маусым 2026 ж. 37

Елге қызмет-ерге міндет

23 маусым 2026 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930