Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шипа мен үйлесім жолында

Шипа мен үйлесім жолында

Әр жылғы тамыз айының бірінші жексенбісі елімізде медицина қызметкерлері күні ретінде атап өтіледі. Денсаулық сақтау саласындағы барлық қызметкерлерге алғыс айту, олардың еңбегін бағалау және кәсіби жетістіктерін атап өтетін қуанышты сәт кім-кімді де бейжай қалдырмас. Олай болса, мерейлі датада Қазалы теміржол ауруханасының неврология бөлімі жайлы атап өтуді жөн көрдік. Себебі қазіргідей адам ағзасы әлсіреп иммунитет төмендеген уақытта бөлімнің қызметкерлері науқастардың денсаулығын сақтау жолындағы еңбегі ерекше маңызға ие.
Жалпы алғанда бөлімнің құрылымы мен қызметі анау айтқандай жеңіл емес. Дегенмен оны оңтайлы үйлестіріп жүрген қызметкерлер қаншама науқасты аяққа тұрғызып, алғаусыз алғысқа бөленді. Осы күні Қазалы теміржол ауруханасындағы неврология бөлімі 10 керуетке арналған және жаңа типті аурухананың 2 қабатында орналасқан. Бөлімде науқастарды тиімді емдеуге арналған жағдайлар толықтай жасалған. Мұнда 2-3 адамдық палаталар, егу бөлмесі, асхана, аға мейіргердің, ординаторлықтың және бөлім меңгерушісінің кабинеттері бар. Бөлім әр тақырыпта стендтер мен санитарлық бюллетеньдермен жабдықталған. Осындай шағын ақпараттар медициналық қызметтердің сапасын арттырады.
Жылына бөлімде жүйке аурулары бар шамамен 450 науқас емделіп шығуда. Тәжірибелі дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер науқастардың денсаулығын түзету жолында аянбай еңбек етуде.
Неврология бөлімінде білікті мамандар жұмыстың жүйелі жүруіне және сырқаттанушылардың ем-домы шипалы болуы үшін бар жағдай жасайды. Онда үш дәрігер жұмыс істейді. Олардың ішінде бөлім меңгерушісі Шолпан Өтеулі мен дәрігер Нұрдәулет Балдақов және дәрігер Райхан Қорғанбекқызы. Олар науқастарға кәсіби қызмет көрсетіп, жүйке жүйесінде кездесетін ақаулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша үздіксіз қызмет атқарады.
Неврология бөлімінің аға мейіргері Айнур Маханбеталиева, білікті мейіргерлермен бірге науқастардың күтімін және емдеу процесін ұйымдастыруда жауапкершілікті артырады. Ауысымдағы мейіргерлер Азамат Жұбанов, Азамат Ібайдулла, Рамазан Ахмет, Нұрбол Мұратов және Дамир Байсалбай науқастармен тікелей жұмыс істеп, олардың денсаулығын бақылап, күтім көрсетеді.
Тазалық және тәртіпке айрықша мән беретін мамандар қызметтік тапсырмаларға мығым. Аурухана ішіндегі бұлжымас ереже тазалық пен тәртіпті басты көрсеткіштер қатарында ұстану. Аталған жүйелі үдерісті қамтамасыз ету үшін аға тазалықшы Бибіажар Еспенбетова және тазалықшылар Шолпан Күнекеева, Рысты Алжанова, Гүлзира Барлыбай, Жұлдыз Төлемісова, Гүлбану Ембергенова, Жазира Темірбаева да жауапты. Бөлімнің тазалығын сақтау науқастардың қауіпсіздігін, денсаулығын және жайлылығын қамтамасыз етудің негізі саналады. Олардың еңбегі медициналық қызмет көрсету сапасының бір бөлігі болып табылады.
Неврология бөлімінде науқастармен байланыс пен емдеу сапасы жоғары деңгейде деуге әбден болады. Себебі халыққа қызмет көрсететін мамандар науқастармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін барын салып, жұмыс істейді. Ем-дом алушылардың көңіл-күйін көтеру мен сенімін қалыптастыру, сонымен қатар олардың мәселелеріне назар аудару – бөлім қызметкерлерінің басты мақсаты. Неврология бөлімі жүйке ауруларынан зардап шегетін науқастарға кәсіби көмек көрсетіп, емдеу нәтижесін жақсартуға бағытталған соңғы технологияларды қолданады.
Қазір Қазалы теміржол ауруханасының неврология бөлімінің қызметкерлері халықтың денсаулығын сақтау үшін аянбай еңбек етіп жүр. Олардың еңбегі ерек, өйткені дәрігерлік батырлық пен мейірімділік және науқастарға жанашырлық таныта отырып, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Медицина қызметкерлері күні – мақтаныш пен еткен еңбекті бағалаудың және медициналық қызметкерлердің зор еңбегін түсіну мен құрметтеудің сәті.
Денсаулық сақтау саласында қай күні болмасын, барлық медицина қызметкерлері науқастардың өмірі мен денсаулығының мүддесін қорғау жолында аянбай еңбек етуде. Ендеше барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс, науқастарға денсаулық, ал қоғамға тигізер пайдасы мол болсын деген ақжарма тілектеміз.
Осылайша Қазалы теміржол ауруханасының неврология бөлімі науқастармен қатар, қоғамға денсаулық пен сапалы медициналық қызмет көрсету арқылы үлес қосуда. Медицина адам өміріне араласу, жанашырлық пен түзу пиғылдың көрінісі. Медицина қызметкерлері күні барша ақ халатты абзал жандардың қоғам үшін атқарып жатқан қызметтері мен еңбек еткен жылдарына шынайы ризашылық білдіреміз.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
20 маусым 2026 ж. 39 0

Шипа мен үйлесім жолында

20 маусым 2026 ж. 40

Қауіпке қарсы қамданыс

20 маусым 2026 ж. 25

XXI ғасырдағы Арал теңізі

20 маусым 2026 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930