Қауіпке қарсы қамданыс
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі-КҚГҚ) - вирус қоздырғышынан туындайтын, адам өміріне аса қауіпті, сипатталатын жұқпалы ауру.
Осыған байланысты аурудың алдын алу үшін аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов, аудандық ветериналиялық станциясының директоры Болат Әміреев, «Ұлттық сараптама орталығы» Қазалы аудандық бөлімшесінің «Бактериологиялық және паразитологиялық зерттеу» зертханасының зертханашысы И.Қонысбаева, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, қала, кент және ауылдық округ әкімдері бірлесіп аудан аумағындағы мал бордақылаумен айналысып отырған жеке кәсіпкерлер мен тұрғындарға қоражайларын таза ұстап қоршаған ортаға залалын тигізбеуге және қоражайларын уақытылы кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Ұлттық сараптама орталығы» Қазалы аудандық бөлімшесі тарапынан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан сақтану шаралары жөнінде үнпарақтар таратылды.
Кенеден қорғану шараларын елемеу ауыр жағдайларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, сақтық шараларын қатаң сақтау керегін хабарлаймыз.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі















