Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) ауруының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында аудан көлемінде кешенді залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Аталған жұмыстарға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов, Алға ауылдық округінің әкімі Алмас Бегалиев, аудандық ветеринариялық станция мамандары, «Ұлттық сараптама орталығы» Қазалы аудандық бөлімшесінің «Бактериологиялық және паразитологиялық зерттеу» зертханасының қызметкерлері, сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысуда.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қауіптілігі, оның таралу жолдары және сақтану шаралары жөнінде кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғындардың қоражайлары мен мал ұстайтын орындарында залалсыздандыру шаралары атқарылуда.
Ү. Түктібаев ауылындағы қоражайларды залалсыздандыру жұмыстарын «Ala Comfort» ЖШС жүзеге асыруда. Жұмысқа арнайы 2 техника мен 8 маман жұмылдырылған.
КҚГҚ ауруының алдын алу бағытындағы санитарлық-профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Аудан тұрғындарын жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, аула мен қоражайлардың тазалығына мән беруге шақырамыз.
19 маусым 2026 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930