Аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен жиын өтті
Мәжіліске аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Сейтов, аудандық ветеринария станциясының директоры Б.Әміреев, аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры М.Ким, аумақтық ветеринария инпекциясының маманы және кент, қала, ауылдық округ әкімдері «ZOOM» платформасы арқылы қатысты.
Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы болды. Бұл жөнінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшының орынбасары Сапарбек Қыстауұлы баяндап өтті.
Бұл ретте Күнтілес Айдарбекұлы ауылдық округ әкімдеріне пилоттық жоба бойынша енгізілген өзгерістер жөнінде жоба ұсынушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу және атқарылатын жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.
Екінші мәселе – Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошақтарында 2023 жылы күзгі дмаусымда жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстары бойынша аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы С.Ақбаева хабарлама жасады.
Аудан әкімінің орынбасары бұл мәселе аудан әкімдігінің күн тәртібінен түспейтіндігін тілге тиек етіп, күзгі залалсыздандыру жұмыстарының сапалы орындалуын сала басшылары мен округ әкімдеріне қатаң тапсырды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат