Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі-КҚГҚ) - вирус қоздырғышынан туындайтын, адам өміріне аса қауіпті, сипатталатын жұқпалы ауру.
КҚГҚ ауруының алдын алу және болдырмауға байланысты аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов, аудандық ветериналиялық станциясының директоры Болат Әміреев, «Ұлттық сараптама орталығы» Қазалы аудандық бөлімшесінің «Бактериологиялық және паразитологиялық зерттеу» зертханасының зертханашысы И.Қонысбаева, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және ауылдық округ әкімдері бірлесіп аудан аумағындағы мал бордақылаумен айналысып отырған жеке кәсіпкерлер мен тұрғындарға қоражайларын таза ұстап қоршаған ортаға залалын тигізбеуге және қоражайларын уақытылы кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Ұлттық сараптама орталығы» Қазалы аудандық бөлімшесі тарапынан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан сақтану шаралары жөнінде үнпарақтар таратылды.
Кенеден қорғану шараларын елемеу ауыр жағдайларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін хабарлаймыз.

17 маусым 2026 ж. 107 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930