Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда көктемгі залалсыздандыру жұмыстарына қатысты отырыс өтті

Қазалыда көктемгі залалсыздандыру жұмыстарына қатысты отырыс өтті

Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбековтың төрағалығымен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошақтарында жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстарына байланысты көшпелі отырысы өтті.
Жиынға Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру дайындығы және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ерлан Бейсембаев арнайы қатысып, Конго-геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары (тәуекел аймақтар) болып анықталған ауылдық округ әкімдерімен және жұмысшы топ мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуден бұрын бірінші кезекте мал басының түгел, мал қораларының талапқа сай таза болу қажеттігін жеткізді.
Негізінде, 2023 жылға арналған көктем мезгілдегі Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қарсы залалсыздандыру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 17 мамырында басталуы керек болса, қазіргі күнде ауа райының жаңбырлы болуына байланысты кейінге шегерілді. Себебі, жаңбырдан кейінгі жердің ылғал болуы залалсыздандыру жұмыстарына кері әсерін тигізеді. Отырыс барысында тиісті сала мамандарына тікелей тапсырмалар беріліп, орындалуы жіті қадағаланатындығы айтылды.
19 мамыр 2023 ж. 182 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30