Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі бақшалықтар мен егіс алқаптарын аралады

Аудан әкімі бақшалықтар мен егіс алқаптарын аралады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандағы бау-бақша алқаптары мен күріш егістіктерін аралап, егіс жұмыстарының барысымен танысты.
Алдымен аудан басшысы Қазалы қаласы тұрғындарының қаланың Қарлан беткейіндегі ұжымдық бақша егу жұмыстарын көрді. Мұнда тұрғындар бірігіп 2 гектар жерге қауын-қарбыз, 1 гектарға картоп және 3 гектарға көкөніс еккен.
Одан кейін Ү.Түктібаев ауылы тұрғындарының ұжымдық бақша алқаптары аралады. Ауылдық округтегі Қостам учаскесінде 18 адам бірігіп 10 гектар жерге, ал Қасқа учаскесінде 13 адам бірігіп 10 гектар жерге картоп, көкөніс және бақша дақылдарын еккен.
Аудан әкімі Майдакөл ауылы маңындағы бақшалық жұмыстарымен де танысты. Ауыл сыртындағы Құлпыбай учаскесінде ауыл тұрғыны Алмасбек Наукеев жалпы 3,5 гектар жерді игеріп, оның 2 гектарына қауын-қарбыз, 0,5 гектарына картоп пен көкөніс, 1 гектарына жоңышқа орналастырған.
Бақшалықтарды аралау барысында аудан басшысы «Агро Өркен» ЖШС-нің егіс алқабын да көрді. Серіктестік биыл 465 гектар жерге күріш, 100 гектарға бидай, 50 гектарға мақсары, 297 гектарға жаңа жоңышқа және 623 гектарға ескі жоңышқа орналастырған.
Жалпы биыл аудан бойынша 224 гектарға картоп, 951 гектарға көкөніс, 1118 гектарға бақша дақылдары егілсе, негізгі дақыл – күріш 2447 гектар жерге орналастырылды.
Егістік алқаптарын аралау барысында аудан әкімі бау-бақша шаруашылығының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындардың көптеп бірігіп бақша егумен айналысуы нарықтағы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға оң әсер ететінін жеткізді.
Аудан басшысы тиісті сала жетекшілері мен ауылдық округ әкімдеріне бау-бақша егумен айналысатын тұрғындарды қажетті ағын сумен уақытылы қамтамасыз етуді тапсырды.
Бүгінде бақша өнімдерінің алғашқы легі пісіп, сатылымға шығарылуда. Бұл – диқандардың маңдай тері мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Берекелі еңбек пен бірліктің арқасында аудан тұрғындарының ырысы арта түспек.
14 маусым 2026 ж. 111 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930