Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде демалыс орындарына көлікпен қатынау мәселесі қалай шешілмек: Көлік министрі жауап берді

Елімізде демалыс орындарына көлікпен қатынау мәселесі қалай шешілмек: Көлік министрі жауап берді

пойыз
Фото: rail-news.kz

Қазақстанда танымал туристік бағыттар бойынша әуе рейстері мен пойыздардағы орын саны көбейтіледі. Мұны үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бектеновтың айтуынша, тұрғындар елдегі танымал туристік орындарға қатынау қиын екенін жиі айтады.
“Халық тарапынан танымал әрі шалғайдағы туристік бағыттарға көлікпен қатынаудың қиын екені туралы шағым түсіп жатыр. Әуе және теміржол билеттерінің тапшылығы мен бағасының қолжетімділігі де алаңдаушылық туғызады. Көлік министрлігі әуе компанияларымен және “Қазақстан темір жолымен” бірлесіп, демалушылар үшін қолайлы бағамен танымал курорттық бағыттарға рейстер және орындар санын арттыру шараларын қабылдасын”, – деді премьер-министр.
Ал Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстандағы курорттық аймақтарға көлік қатынау мәселесі қалай шешілетінін айтты.
Министрдің сөзінше, елдегі танымал туристік бағыттарға 15 қосымша пойыз бағыты ұйымдастырылатынын айтты. Оның ішінде 10 бағыт Алакөл көлінің жағалауына қатынайды екен.
Сонымен қатар қосымша пойыздар Астана-Достық, Алматы-Достық, Семей-Достық, Өскемен-Достық, Қарағанды-Балқаш, Алматы-Семей, Ақтөбе-Астана және Нұрлы жол-Шымкент бағыттары бойынша қатынайды.
“Демалыс орындарына барғысы келетін жолаушыларды тасымалдау үшін қолданыстағы пойыздардың құрамына қосымша вагондар тіркеліп, олардың сыйымдылығы ұлғайтылады. Жаңа пойыздар мен қосымша вагондардың есебінен 400 мыңнан астам туристі қосымша тасымалдауға мүмкіндік туады”, – деді министр. 
09 маусым 2026 ж. 314 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930