Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар іске қосылады

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар іске қосылады

Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
Фото: canva
Елімізде жаңа ипотекалық бағдарламалар іске қосылатын болды. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын", – деді премьер-министр.
Бектенов Қазақстанға мыңдаған білікті жұмысшы қажет екенін айтты.
"Жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан болашақ дағдылар мен құзыреттерді болжау үшін барлық әкімдік мамандықтардың өңірлік атластарын жасауы қажет. Әзірге тек 9 өңірде осындай құжаттар бар", - деді премьер.

08 қаңтар 2025 ж. 211 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031