Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа халықаралық рейстер ашылады

Қазақстанда жаңа халықаралық рейстер ашылады

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда биыл жаңа халықаралық әуе рейстері ашылады. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.
Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, 21 қаңтарда Үкімет отырысында 2026 жылы халықаралық әуе бағыттарын қайта жандандыру және жаңа рейстерді ашу жоспарланып отыр. Министр нақты бағыттарды атамады, алайда қазақстандықтар қай қалаларға жиі ұша алатынын айтты.
"Сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстердің жиілігін арттыру жоспарланып отыр, оның ішінде Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Шанхай, Қашқар, Варшава және басқа қалаларға", - деп қосты Нұрлан Сауранбаев.
Премьер-министр Олжас Бектенов бір апта ішінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.
"Көлік министрлігіне "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, бір апта мерзімде жаңа халықаралық әуе рейстерін іске қосу және ұлттық жүк тасымалдаушының одан әрі қызметіне қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын", - деді премьер-министр.

21 қаңтар 2026 ж. 223 0

Үш облыста жол ашылды

10 наурыз 2026 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031