Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тиімді басқару – басты талап

Тиімді басқару – басты талап

Аудан әкімдігі мәжіліс залында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен «Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында конференция өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және спорт салаларындағы мекемелердің жетекшілері мен қаржы мамандары қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – бюджет қаражатын тиімді әрі ашық басқару тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік аудит барысында анықталатын кемшіліктердің алдын алу және мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру.
Конференция барысында қаржылық тәртіпті сақтау, бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету және мемлекеттік мекемелердің жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Б. Ниеталиев аудит қорытындыларына тоқталып, жиі кездесетін заң бұзушылықтар мен оларды болдырмау жолдарын баяндады. Ол бюджет қаражатын игеру кезінде заң талаптарын қатаң сақтаудың маңызын атап өтті. Ал облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы М. Құрақбаев мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі соңғы өзгерістерді түсіндіріп, жаңа талаптарды дұрыс қолдану бағытында нақты мәліметтер берді.
Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сала мамандарына көкейлеріндегі сауалдарын жолдады. Мамандар тәжірибеде кездесетін түйткілдерді шешу жолдарын түсіндіріп, қаржылық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Мұндай басқосулар бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекеттік мекемелердегі қаржылық жауапкершілікті арттыруға да ықпал етеді.
А. ЖҮСІПОВА
06 маусым 2026 ж. 23 0

Қазақтың жарық жұлдызы

06 маусым 2026 ж. 29

Ғасырдан жеткен ғибрат

06 маусым 2026 ж. 24

№42 (1847)

06 маусым 2026 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930